27 наурыз 2014 | 14:18

Жалақы мен зейнетақыны өсіруді қарастыратын заң қабылданды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Марат Әбілов ©Марат Әбілов

Қазақстан Парламенті "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Парламенті "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құжат қолданыстағы әлеуметтік қамтамасыз ету туралы заңнамаларды одан әрі жетілдіруді қарастырады. Сөйтіп, сәуірдің бірінен бастап, әлеуметтік сипаттағы төлемдер көлемі 12%-ға дейін артады. 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 25%-ға өседі. Бала асырап алуға байланысты төленетін 75 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі біржолғы ақшалай төлем 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, 2014 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға қосымша 50 млрд теңге қарастырылып отыр. Тұтастай алғанда, барлық бағдарламаны іске асыруға 100 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады.

"Зейнетақы, әлеуметтік төлемдер мен жалақыны арттыруға қосымша 116,9 млрд теңге қарастырылады", - деді Тамара Дүйсенова. Бұған дейін министр азаматтық қызметшілердің жалақысы қандай қағида бойынша көтерілетінін түсіндірген болатын. "Биылғы сәуірден бастап, азаматтық қызметшілердің еңбекақысы лауазымдық айлыққа ерекше еңбек жағдайы үшін ай сайын 10% үстемеақы қосу есебінен өсіріледі", - деген болатын Дүйсенова. Барлығы 1,5 млн адамның жалақысы өседі, оның 1 млн 100 мыңы - азаматтық қызметші, 236 800-і - біліктілігі жоқ жұмысшы, 88 500-і - штаттан тыс жұмысшы. Бұл мақсатқа 63 млрд 500 млн теңге қарастырылып отыр.

Заң "Неке және отбасы туралы" кодекс пен "Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы", "Арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы", "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы", "Баласы бар отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы туралы", "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді қарастырады. 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап, әлеуметтік сипаттағы төлемдер мөлшерін, жылдың басынан бері 7%-ға өскенін есепке алғанда, 12%-ға арттыру қарастырылып отырғанын айта кету керек. 

Еске салайық, Мемлекет басшысы өзінің биылғы қаңтар айында жария етілген жолдауында 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа моделін енгізуді тапсырған болатын. Ол бойынша денсаулық сақтау саласы жұмысшыларының жалақысын 28%-ға дейін, білім беру саласы жұмысшыларының жалақысын 29%-ға дейін және әлеуметтік қорғау саласы жұмысшыларының жалақысын 40%-ға дейін арттыру қарастырылады. Бұған қоса, Президент 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап, мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін 25%-ға көтеруді тапсырған болатын. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer