27 наурыз 2014 | 16:09

Қуаныш Айтаханов: Асыраушысынан айрылғандар мен мүгедектердің зейнетақысы өсірілмей қалған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Тамара Дүйсенова ©Кaz.tengrinews.kz Тамара Дүйсенова ©Кaz.tengrinews.kz

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында әлеуметтік төлемдер мен жалақының, зейнетақы мөлшерінің қалай белгіленгені туралы айтылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында әлеуметтік төлемдер мен жалақының, зейнетақы мөлшерінің қалай белгіленгені туралы айтылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет мүшелері Сенаттың жалпы отырысында 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын таныстырған болатын. Алайда әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы мөлшерінің 10 пайызға жоғарылауына қатысты депутаттар көп мәселені ескеру керектігін алға тартты.

"Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заңда мүгедектігі мен асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін жәрдемақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейімен есептелінген. Ол биыл 19 966 теңгені құрады. Бюджетті қараған кезде 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы мен төменгі зейнетақы мөлшерін 10 пайызға өсіргенбіз. Неліктен асыраушынан айрылғандар мен мүгедектігі үшін алатын зейнетақысы өсірілмей қалған? Мұның себебі неде?", - деген Қуаныш Айтаханов  жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік кәсіпорындар жұмыскерлерінің лауазымдық жалақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін 10 пайыз мөлшерде ай сайынғы үстемақы белгіленсін деген мәселені де айтып өтті.  

"Барлық жәрдемақылар 12 пайызға көтерілді. Сондықтан біз сіздерге ұсынылған заң жобасында күнкөріс деңгейінің мөлшеріне емес, сол күнкөріс дейгейінен белгіленетін мөлшердің көлемін көбейттік. Күнкөріс дейгейі жылдың басында жеті пайызға артты. Қазір І топтағы мүгедектің зейнетақы мөлшері 1/36 АЕК бойынша күнкөріс деңгейінен есептелінетін болса, 1 сәуірден бастап 1/42 АЕК өзгертілді", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, еңбекақы жөнінде 2015 жылдың бірінші шілдесінен бастап азаматтық қызметкерлердің жаңа жүйесі енгізілмек. Сондықтан бүгінгі он пайыздық көтерме арқылы азаматтық қызметшілердің лауазымдық еңбекақысы да көтерілгелі отырса керек.

"Жалпы, Қазақстанда жалақы лауазымдық  және қосымша берілетін үстемақылардың есебінен берілетін айлықтан тұрады. Сондықтан үстемақыларға келесі жылы басқа жүйеде қатынас жасайтындықтан биыл он пайызға көтеру мәселесін қарап, оны ерекше еңбек жағдайы деп бердік. 2015 жылы әлеуметтік қамтудың немесе білім беру саласының, денсаулық сақтау саласының еңбекақыларының барлығы бір түрлі жүйеде жүргізілетін болады", - деді ол.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer