27 наурыз 2014 | 17:05

Танымал адамдардың жол апатына кінәлі балалары заңға сай қатаң жазалануы тиіс - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Тengrinews.kz иллюстрациясы Тengrinews.kz иллюстрациясы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда жол-көлік оқиғаларының көбеюіне алаңдаушылық білдірді деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда жол-көлік оқиғаларының көбеюіне алаңдаушылық білдірді деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласын дамыту жөніндегі жиын барысында ол өткен жылы жол-көлік оқиғалары санының үш есеге өскеніне назар аударды. "Ерекше атап өткім келеді - танымал адамдардың балалары мен туыстарының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары аз емес. Заңның алдында бәрі тең, сондықтан мұндай жағдайларда балаларды да, ата-аналарын да мейлінше қатаң жазалау қажет", - деді Президент. 

Мемлекет басшысы қаладағы криминогенді ахуалға тоқталып, Алматыда 53 мың қылмыс тіркелгенін, оның 80%-ының ашылғанын, бірақ жасөспірімдер арасында қылмыстың артып отырғанын айтты. Соған байланысты әкімдіктің өтінішімен ішкі істер департаментінің штаты айтарлықтай ұлғайтылды, дегенмен 500 орын әлі бос күйінде. Қазақстан Президенті Алматы тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. 

Жиын барысында қаланың 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары қаралды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мегаполисті дамыту мәселелері әрқашан мемлекеттің назарында болатынын айтты. "Алматы - елдегі ірі мегаполис, ол Астанамен бірдей дамуы керек. Осындай мегаполис қана ғылымның, инновация мен білім берудің орталығы болады. Алматы экономика, шағын және орта бизнес, қала құрылысы салаларында жетекші рөлін сақтап келеді. Қала халқының 1,5 млн адамдық межеге жақындап келе жатқан өсімімен бірге біз экологиялық тазалық жайлы ойлауымыз керек. Автокөліктердің қатары артып келеді, бұл көлікті ұйымдастыруға жаңа көзқарастарды талап етеді. Соңғы жылдары жол айрықтары жаппай салынып жатыр, автокөлік қозғалысының жай-күйі айтарлықтай жақсарды. Қаланы дамытудың өзекті мәселелерінің кешеніне білім беру, ғылым, жаңа туристік және мәдени нысандарды салу да кіреді. Біздің жұмысымыздың басты бағыты халықтың әл-ауқатын арттыру болуы қажет", - деп атап өтті Елбасы.

Қазақстан Президенті көлік ағынын басқаруда және сәулет талаптарын сақтауда озық әлемдік тәжірибені қолдану қажеттігіне назар аударды. Атап айтқанда, ол эстетикалық тартымдылықты сақтау мен қаланың сейсмикалық ерекшелігін ескере отырып, сәулет есептерін жүргізу керектігін атап өтті. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Алматы қаласының "Қазақстан - 2050" стратегиясын іске асыруға маңызды үлес қосуы керектігін айтты.

"Қалада индустриялық-инновациялық даму, еңбекпен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту, денсаулық сақтау, білім беру салаларындағы барлық шешуші мемлекеттік бағдарлама іске асырылып жатыр. Осы бағыттардың бәрінде Алматы негізгі рөл атқаруы тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті қаланың көпұлтты екенін ескере отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына ден қоюдың маңызын атап өтті. "Алматы біздің барлық бағдарламамызда ерекше орын алады. Бұл - біздің Тәуелсіздігіміздің бесігі. Алматының Астана сияқты бәсекелесінің пайда болуы да оң фактор деп есептеймін. Қала мемлекет бюджетіне үлкен үлес қосып отыр, сонымен қатар, мемлекет те оның түрлі нысандары мен инфрақұрылымының құрылысына едәуір инвестиция салып келеді. Сондықтан салым қайтып келіп жатыр, ол жыл сайын ұлғаюы тиіс. Қаланың үлкен келешегі мен әлеуеті бар, енді оны іске асыру қажет. Оның келешекте де шешуші мегаполис ретінде дами беретініне сенімдімін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов барлық көрсеткіш бойынша, атап айтқанда, өнеркәсіп, көлік, сауда және қызмет көрсету салаларында өсім байқалып отырғанын айтты. "Соңғы бес жыл ішінде аймақтық жалпы өнім 6,4 трлн теңгеге дейін 2 есе өсіп, шамамен жан басына шаққанда 27 мың долларды құрады. Салықтық түсімдер 1 трлн 360 млрд теңгені құрады, бұл - 2012 жылғымен салыстырғанда, 13%-ға жоғары", - деді әкім. Есімов қаланы дамытудың үш басым бағыты айқындалғанын атап өтті - Инновациялық технологиялар паркіндегі еркін экономикалық аймақ, Алатау ауданындағы индустриялық аймақ және туризмді дамыту.

Әкім Елбасының экологиялық ахуалды жақсарту және қала атмосферасы ластануын азайту туралы тапсырмасының ерекше бақылауда екенін айтты. "Метрополитен құрылысы жалғасып жатыр, биыл екі жаңа станция қосылады. 2013 жылы 6 жолайрық пайдалануға берілді, биыл үшеуі салынып жатыр, сондай-ақ тағы төрт жолайрықтың жобалық-сметалық құжатын дайындау аяқталады. Қалада 2017 жылғы Универсиадаға дайындық белсенді жүріп жатыр. Биыл 12 мың орындық мұз қалашығының құрылысы басталады, оның үш мың орындық мұз аренасы және атлетикалық деревнясы болады. Барлық нысанды 2016 жылдың тамызына қарай аяқтау міндеті қойылған. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, біз 2022 жылы Қысқы Олимпиаданы Алматыда өткізуге тапсырыс бердік. Мемлекеттегі тұрақтылық пен экономикалық дамудың арқасында біздің қаламыздың оны өткізуге барлық мүмкіндігі бар", - деді Ахметжан Есімов.

Жиын соңында Алматы әкімі Мемлекет басшысының қолдауы арқасында қала экономика мен әлеуметтік саланың барлық секторында даму қарқынына ие болғанын және осы қарқынды сақтау үшін күш салынатынын атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.39   527.68   5.04 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети