27 наурыз 2014 | 16:39

Футболдан 2018 жылғы әлем біріншілігі Ресейде өтеді - УЕФА президенті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
УЕФА президенті Мишель Платини. Сурет: sport-xl.org УЕФА президенті Мишель Платини. Сурет: sport-xl.org

УЕФА президенті Мишель Платини Астанада өтіп жатқан ұйымның жиналысы барысында АҚШ-тың кейбір саясаткерлерінің 2018 жылғы футболдан әлем біріншілігін Ресейде өткізбеу үшін байкот жариялау керек деген ұсыныстарына және Украина клубтарының Ресей біріншілігінде өнер көрсетуі туралы өз пікірін білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

УЕФА президенті Мишель Платини Астанада өтіп жатқан ұйымның жиналысы барысында АҚШ-тың кейбір саясаткерлерінің 2018 жылғы футболдан әлем біріншілігін Ресейде өткізбеу үшін байкот жариялау керек деген ұсыныстарына және Украина клубтарының Ресей біріншілігінде өнер көрсетуі туралы өз пікірін білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Украина командалардың Ресей біріншілігінде өнер көрсету тұрғысында бізде ешқандай қиындық жоқ. Өйткені, қос тараптан да бізге ешқандай өтініш келген жоқ. Украинадағы саяси жағдайларға байланысты бұл елде көп нәрсе өзгеруі мүмкін. Бірақ, бізге әлі ресми хат келмейінше, ешқандай әрекет жасамаймыз. Сонымен қатар соңғы уақытта 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатын Ресейде өткізбеу керек деген әңгімелер де шығып жатыр. Шынын айтсам, мұндай пікірлерге біз қазір құлақ аспаймыз. Себебі, байкотты экономикалық келісім-шарттарда, елшіліктерге жасауға болады. Бірақ, неге екені белгісіз футболда да байкот жариялаушылар көбейіп кетті. Саясаткерлер өз жұмысымен айналыссын. Біз өз жұмысымызды тиянақты істеп жатырмыз. Егер, аяқ астынан күтпеген оқиға болып қалмаса, онда 2018 жылғы әлем біріншілігі Ресейде өтеді", - дейді Мишель Платини.

Айта кетейік, футболдан Украина біріншілігінде өнер көрсететін "Севастопль" мен "Таврия" клубтары Қырым референдум жариялаған соң Ресей біріншілігіне өтуі мүмкін деген еді. Ал, Ресейдің Украинаға қатысты саяси әрекеттеріне байланысты Украинаның және АҚШ-тың бірнеше саясаткерлері Ресейді УЕФА және ФИФА құрамынан шығарып, бұл елде әлем чемпионатын өткізбеу керек деген ұсыныс тастаған болатын. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer