Янукович бүгін Ростовта баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Янукович бүгін Ростовта баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отыр ©РИА Новости

Биліктен аластатылған Украинаның экс президенті Виктор Янукович  Ростовта кезекті баспасөз мәслихатын өткізуі мүмкін деп жазады Украинаның Вести басылымы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биліктен аластатылған Украинаның экс президенті Виктор Янукович  Ростовта кезекті баспасөз мәслихатын өткізуі мүмкін деп жазады Украинаның Вести басылымы.

Әзірге баспасөз мәслихатының нақты уақыты белгіленген жоқ, сондай-ақ Януковичтің баспасөз мәслихатында не айтатыны да беймәлім.

Айта кету керек, Янукович бұған дейін Ростовта мұндай жиынды екі мәрте өткізді. Бұқара алдында бірінші мәрте  жиынды 28 ақпан күні өткізген ол: сол сәтте БАҚ өкілдеріне өзін әлі де Украинаның заңды президенті деп санайтынын айтқан болатын. 

Сондай-ақ ол 11 наурыз күні Конгерсс пен АҚШ-тың Жоғары сотынан Украинада болып жатқан жайтқа өзіндік баға берулерін сұрауға мәжбүр екенін де жеткізген еді. 

Еске салайық, 22 ақпан күні Жоғарғы Рада Януковичті президентіктен босатып, президент сайлауын 25 мамырға белгіледі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети