Шенеуніктер алыпсатар болып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шенеуніктер алыпсатар болып жүр tengrinews.kz иллюстрациясы

Мемлекеттің меншігіне сатып алынатын жер учаскелерінің бағасы тым қымбат. Себебі жергілікті шенеуніктер оны кәдімгідей алыпсатарлыққа айналдырып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокурор Асхат Дауылбаевқа сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттің меншігіне сатып алынатын жер учаскелерінің бағасы тым қымбат. Себебі жергілікті шенеуніктер оны кәдімгідей алыпсатарлыққа айналдырып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокурор Асхат Дауылбаевқа сілтеме жасап. 

Мемлекетке қажетті жердің бағасын әдейі көтеріп қояды. Себебі алып-сатарлар ел қазынасынан миллиардтаған ақшаның төленетінін біледі. Мәселен, қазіргі ресми ақпаратқа сәйкес, соңғы үш жылдың ішінде республика бойынша 12,6 мың гектар жер мемлекеттің меншігіне сатып алынды. Оған 47 миллиард теңге бөлінді. Ал бас кезінде ол ақшаға 25 пайызға артық жер сатып алынады делінген. Бұның барлығы - жер бағасын қолдан көтерудің нәтижесі.  

"Ондай жағдайдың біреуі Шымкент қаласында болған. Қала әкімдігі бір азаматқа жеті соттық жерді заңсыз бөліп берген Сосын бос тұрған ол жерді балалар алаңын салу мақсатында 12 миллион теңгеге сатып алды. Ондай бағалар Астана мен Алматыда да жоқ қой. Дәл сол әкімдік "Қазақойл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берген. Соның нәтижесінде жер учаскесінің бағасы 8 есеге өсті", - деді бүгінгі алқа мәжілісінде Бас прокурор А.Дауылбаев. Оның айтуынша, прокурорлық тексерістер кезінде жер үшін 1,3 миллиард теңгенің негізсіз төленгені анықталды. Оған қоса, жауапсыз шенеуніктер 5 миллиардан астам теңгенің жұмсап қоя жаздаған. Прокурорлар оның да жолын кесті.   




Подробнее:https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/o-spekulyatsiyah-na-prodaje-zemel-dlya-gosnujd-zayavili-v-genprokurature-252653/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети