28 наурыз 2014 | 19:38

Қазақстандықтар бюджетке 80 пайыз салық төлей алмайды - сарапшылар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
 tengrinews.kz tengrinews.kz

Қазақстандықтар бюджетке 80 пайыз салық төлей алмайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшілеріне сарапшылар айтты. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар бюджетке 80 пайыз салық төлей алмайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшілеріне сарапшылар айтты. 

Бұған дейін Қазақстан Республикасының  Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев еліміз дамыған 30 елдің қатарына ену үшін халық бюджетке 80 пайыз салық төлеу қажет деген еді. Министрдің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда жеке және заңды тұлғалардың салық төлеу көрсеткіші өте төмен.

"Егер отыз дамыған елдің қатарына қосылу үшін халықтың салық төлеу көрсеткішін ұлғайту керек болса, онда бұл жоспарымыз біраз кейінге қалуы мүмкін. Алдағы 7-10  жылда Қазақстанның экономикасы әлемдік аренада үлкен жетістікке жетуі екіталай", деп санайды "Асыл Инвест" сараптамалық компаниясының директоры Айвар Бәйкенов. Алайда оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мен реформаға да біраз нәрсе байланысты.

Бәйкеновтың сөзіне қарағанда Қазақстандағы салық төлеу көрсеткішінің төмендігі тек халықтың жалақысының аздығына ғана байланысты емес, көлеңкелі экономика көрсеткішінің жоғарылығында. "Жақын аралықта бұл жағдайды өзгерту мүмкін емес. Жекелеген салық төлеушілердің салық төлеу көрсеткішін жоғарылатқанда ғана бюджетке түсетін салық деңгейі өседі", - дейді Бәйкенов. Біздің елімізде бюджет толықтай дұрыс игерілмесе де оның көлемін көбейтуге деген ұмтылыс үлкен.

Инвестиция тиімдігін зерттеу агенттігінің директоры Ерлан Хасанбеков министрдің бюджетке халықтың 80 пайыз салық төлеуін екі жолмен жүзеге асыруға болады деп санайды. Оның айтуынша, жеке тұлғалардың салығын көбейту үшін заңдық тұлғалардың салық мөлшерін азайту керек немесе жекелеген тұлғалар үшін тағы қосымша салықтар енгізу керек. Бұл үшін халықтың табысы бірнеше есеге өсуі керек. Тіпті табыс өскен жағдайда да салықтың өсуіне халық наразылық танытады.

"ФИНАМ" инвестициялық холдингінің сарапшысы Антон Сороконың пікірінше, бұл өзгеріс бірден емес, сатылап жүзеге асуы керек. Үкімет халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына мүдделі болуы шарт. 

MFX Broker компаниясының сарапшысы Сергей Некрасов пікірінше 12 жыл бойы өзгертілмеген Қазақстандағы салық жүйесін жылдам өзгертуге болады. "Бұл үшін заңдық және жекелеген салық төлеушілер үшін фискальды саясат жоспарын жасау керек. Мұндай өзгеріс олардың жылдам әрі мол табыс табуына жол ашады. Ал жекелеген тұлғалардың бюджетке төлейтін салығын өсіру инфляцияның өсуіне алып келуі мүмкін" дейді ол. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer