Италия билігі қызметтік көліктерді eBay аукционына шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италия билігі қызметтік көліктерді eBay аукционына шығарды ©Phombo.com

Италияда билік өкілдері өздерінің қызметтік көліктерін eBay интернет-аукционы арқылы сатып жатыр деп хабарлайды РБК.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италияда билік өкілдері өздерінің қызметтік көліктерін eBay интернет-аукционы арқылы сатып жатыр деп хабарлайды РБК.

Онлайн аукционда барлығы 151 көлік сатылған. Бұл тізімге қорғаныс министрінің гаражынан екі Jaguar мен тоғыз Maserati еніп отыр. Елдің жаңа премьер-министрі Маттео Ренци мемлекет қазынасын толықтыру мақсатында осындай шешім қабылдады.

Алғашқы қызметтік көліктер 27 наурыз күні ғаламтордағы саудаға шығарылды. Қазір сұр түсті Alfa Romeo 166 көлігі үшін ұсынылған ең жоғары баға - 8621 евро. Ал дизельді BMW 525-ке 75 ұсыныс келіп түскен, олар бағаны 15 мың евроға дейін көтерді. Бұл көліктерді бұрын ішкі істер министрлігі қызметкерлері пайдаланған. 

Аукционның нәтижесі 16 сәуірде жария етіледі. Айта кетейік, италиялықтар елде экономикалық қиындықтар мен қазына шығынын азайту қажеттілігі туындап отырғанына қарамастан, мемлекеттік мекемелердің бюджет есебінен 6,2 мың қызметтік көлікті пайдаланып келе жатқанына бұрыннан наразылық білдіріп жүр. Ал жаңадан тағайындалған үкімет басшысы Маттео Ренци бюджет табысын молайту үшін eBay аукционын тұңғыш рет пайдаланып отырған жоқ. Ол Флоренцияда қызмет еткен кезінде осы аукционның көмегімен қала үшін төрт лимузин сатып алған. Премьердің өзі қазір Smart шағын литражды көлігін мініп жүр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети