29 наурыз 2014 | 19:31

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Алдағы тәуліктерде еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнының мәліметтеріне сүйеніп хабарлайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алдағы тәуліктерде еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнының мәліметтеріне сүйеніп хабарлайды.

30 наурыз күні Қазақстан аумағының көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде, жекелеген аудандарда жауын-шашын болып, жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Алматы облысындағы Жалаңашкөл көлі аумағында екпіні 25 м/с-ке жететін жел соғады. Маңғыстау облысында 17-22 м/с, таңертең және күндіз 25 м/с жел болады, Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-ке, кей жерлерде 25 м/с-ке дейін күшейеді. Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында да 15-20 м/с жел соғады. Еліміздің батыс өңірлерінде және Ақмола, Жамбыл облыстарында тұман түседі. 

31 наурызда республиканың басым бөлігінде күн желді болады. "Каспий теңізі үстінде қалыптасқан циклон Қазақстанның батыс, орталық және солтүстік облыстары арқылы Батыс Сібірге қарай жылжиды. Сол циклонның әсерінен кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ, тұман болып, 15-20 м/с екпінді жел соғады, республиканың батысы мен солтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с-ке дейін күшейеді, кей жерлерде жел екпіні 28 м/с-ке жетеді. Циклонмен байланысты атмосфералық таралымдардың әсерінен 31 наурызда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және шығыста күн бұлыңғыр, жауын-шашынды болуы ықтимал, шығыста жаңбыр қарға ұласады. Бірақ тропосферада Иран аудандарынан, оңтүстік-батыстан ауа массалары ауысатындықтан, республикада температура көпжылдық орташа мөлшерге жақын болады, оңтүстікте және шығыста орташа мөлшерден 5-10 градусқа жоғары болады", - делінген "Қазгидрометтің" хабарламасында. 

 

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer