31 наурыз 2014 | 13:01

KADEX-2014 көрмесіне 200 шетелдік компания өтінім берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көрме логотипі. ©ҚР Қорғаныс министрлігі Көрме логотипі. ©ҚР Қорғаныс министрлігі

22-25 мамыр аралығында Астанада өтетін KADEX–2014 қару-жарақ және әскери-техникалық мүліктің халықаралық көрмесіне қатысуға 200-ден астам шетелдік компания өтінім берді. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

22-25 мамыр аралығында Астанада өтетін KADEX–2014 қару-жарақ және әскери-техникалық мүліктің халықаралық көрмесіне қатысуға 200-ден астам шетелдік компания өтінім берді. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазірдің өзінде ТМД елдері, сондай-ақ алыс-жақын шетелдердің екі жүзден астам компаниясы қазақстандық көрмеге қатысуға өтінім беріп отыр. Олардың қатарында қару-жарақ шығаратын атақты Fabbrica d Armi Pietro Beretta S. p. A., EADS, Israel Aerospace Industries, Otokar, Ceska Zbrojovka, Rohde & Schwarz, Poly technologies Inc. және басқа да брендтер бар. Ресей Федерациясы мен Түрік Республикасының өндірушілеріне жекелеген павильондар жалға алынып қойды. Көрмені орналастырушы компанияның атына 23 елден 225 өтінім келіп түсті. Көрме өткізілетін алаңның жалпы көлемі - 5000 шаршы метр", - делінген министрліктің хабарламасында. 

Биыл секцияларға қойылатын экспонаттар ауқымды болады. Мұнда ғарыш технологиясы, авиациялық қару-жарақ, әуе шабуылынан қорғану жүйелері мен құралдары, әскери саладағы робот техникасы, ІТ, байланыс жүйесі құралдары, әскерлерді тылдық және техникалық қамтамасыз ету, Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің қару жарағы мен әскери техникасы қойылмақ. KADEX–2014 қатысушыларға отандық және шетелдік жетекші өндірушілер шығарған инновациялық өнімдермен толық танысуға мүмкіндік береді.

Конференцияға қатысушылар қазіргі заманғы әскери-техникалық саясатты, әскери техниканы сатып алу, өндіру, жетілдіру және жөндеу мәселелерін талқылайтын болады. Көрменің ең басты мақсаты - қорғаныс өнеркәсіп кешенін дамытуды жеделдету және елімізге шетелдік инвестицияны тарту. Шара аясында халықаралық әскери-ғылыми, ғылыми-техникалық конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі. 

"Осыған дейін өткізілген екі бірдей KADEX қару-жарақ және әскери техника көрмесінің тәжірибесі шетелдіктер тарапынан отандық өнім өндірушілерге қызығушылықтың артқанын аңғартады. Көрмені өткізу барысында Құрлық әскерлерінің отандық және шетелдік өндірушілер шығарған қару-жарағы мен әскери техникасын көрсету жоспалануда. KADEX–2014 үшінші қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесін өткізу, біріншіден, отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамытуға қосымша жағдай тудыруға мүмкіндік береді, екіншіден, жетекші отандық және шетелдік тауар өндірушілермен әскери-техникалық ынтымақтастықты жетілдіре түседі, үшіншіден, келешекте сатып алатын өнімді анықтайды. Сонымен қатар, бұл шара Қазақстан Республикасын халықаралық қару-жарақ және әскери техника көрмесіндегі беделін арттыра түседі", - дейді министрліктің баспасөз қызметі. 

Көрме кезінде үрмелі оркестрлердің ІІ Халықаралық фестивалін өткізу жоспарланып отыр. Түрлі мемлекеттен жиналған әскери оркестрлер tattoo show (дефиле) көрсететін болады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer