01 сәуір 2014 | 14:06

Заңсыз археологиялық қазбалар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©РИА Новости ©РИА Новости

Жаңа Қылмыстық кодекс жобасында заңсыз археологиялық қызмет үшін жаза күшейтіледі  деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі заң жобасы жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіровке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жаңа Қылмыстық кодекс жобасында заңсыз археологиялық қызмет үшін жаза күшейтіледі  деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі заң жобасы жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіровке сілтеме жасап.

Жобаны екінші оқылымға әзірлеу жөніндегі отырыс барысында археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізуге қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. "Табылуы тиіс ең үлкен артефактілердің әлі де жер астында жатқаны ешкімге құпия емес, бұл - археологиялық жұмыстардың саласы және оларды қорғау керек, өйткені ол - біздің мұрамыз. Тарих ескерткіштерін қорғау ісінде ұлттық мүддені қорғаудың, жабайы археологтардың коммерциялық қызметіне жол бермеудің айрықша маңызын ескере отырып, Қылмыстық кодекс жобасына осындай норма енгізу ұсынылып отыр", - деді Әбдіров.

Дегенмен ол заң жобасында тек ерекше тарихи, ғылыми, көркем немесе мәдени құндылығы бар заттар мен құжаттарды жымқыру әрекеті үшін ғана қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын атап өтті, ол - 193-бап.

Әбдіровтің айтуынша, Ресейдің, Украина мен басқа да бірқатар елдердің Қылмыстық кодекстері археологиялық заттарды заңсыз іздеу мен жатқан жерінен тәркілеу әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырады.

"Тарихи-мәдени мұра нысандарын күзету және қолдану туралы заңның 40-бабына сәйкес, археология ескерткіштерінде қазба және барлау жүргізу тек қана лицензия болған кезде рұқсат беріледі, бұл ескерткіштерді қорғауға және "қара археологтармен" күресуге мүмкіндік береді. Әкімшілік кодекстің 357-1 және 130-баптары лицензиясыз қызмет етуге, тарих пен мәдениет ескерткіштеріне қауіп төндіретін жобалық, зерттеушілік және басқа да жұмыстарды өндіруге жауапкершілік қарастырады.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer