03 сәуір 2014 | 11:10

Үкіметтің отставкаға кетуіне не себеп болды?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото artparovoz.com сайтынан Фото artparovoz.com сайтынан

Саясаткер Ерлан Қарин Үкіметтің отстакаға кетуіне себеп бола алатын негізгі мәселелерді атап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Саясаткер Ерлан Қарин Үкіметтің отстакаға кетуіне себеп бола алатын негізгі мәселелерді атап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, бүгінде "Қазақстан - 2050" стратегиясына жаңаша серпін беру керек. Үкіметтің ауысуына себеп болған негізгі мәселелердің бірі - осы. "Қазір біз дамудың жаңа сатысына - стратегияны іске асырудың алғашқы жылына аяқ бастық. Осы жерде бастапқы қадамдар, яғни  ол жоспарды қалайша бастайтынымызға ерекше көңіл бөлу керек. Меніңше, Ахметов үкіметі аталған стратегияға қажетті серпін бере алмады", - дейді Е.Қарин.

Саясаткердің ойынша, Серік Ахметов басқарған Министрлер кабинеті Президент тапсырмаларын орындаудың нақты жоспарын ұсына алмады. Әсіресе, соңғы екі жылда (С.Ахметов Үкімет басшысы қызметіне 2012 жылы тағайындалды - авт.) жарияланған Жолдаулардың міндеттері дұрыс атқарылмады. Біріншісінде "Қазақстан - 2050" стратегиясы жарияланса, екіншісі "Мәңгілік ел" тұжырымдамасына арналды. "Шыны керек, аса маңызды президенттік бастамалар Ахметовтың тұсында көтерілді. Алайда оның Үкіметі сол бастамаларды алып кете алмады. Өзінің нақты бір жоспарын ұсынбады. Меніңше, қазір Мәсімов алдымен президенттік стратегияны іске асырудың жоспарын әзірлеуге кіріседі. Оны жинақтап, бәрін соның айналасында ұйымдастыруға тырысады. Бәлкім, экономика, әлеуметтік салалар бойынша бөлек-бөлек бірнеше жоспарлар болады ", - деп атап көрсетті Е.Қарин. Ол Министрлер кабинетінде көп өзгеріс болмайды деген ойда.

Президент жаңа премьерді тағайындаған кезде, халықаралық институттар мен сыртқы инвесторлармен тығыз жұмыс жасау қажеттігін ерекше атап өткен болатын. Осы орайда, Мәсімовтың кандидатурасы оқ бойы озық тұр. Себебі ол сыртқы аудитория - халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері мен бизнесмендерге етене таныс. Сондықтан оның бұл байланыстары жаңа инветицияларды тартып, қосымша резервтерді іске қосуға көмектесе алады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer