03 сәуір 2014 | 15:13

Елбасы Президент Әкімшілігінің басшылық құрамымен кездесті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрсұлтан Назарбаев. ©Аkorda.kz Нұрсұлтан Назарбаев. ©Аkorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігінің басшылық құрамымен кездесті, деп хабарлайды Тengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігінің басшылық құрамымен кездесті, деп хабарлайды Тengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Кәрім Мәсімовке Президент Әкімшілігі басшысының қызметінде атқарған жұмысы үшін алғыс айтты. "Бұл шешім осындай күрделі кезеңде Үкімет жұмысына тың серпін беру үшін қабылданды. Біздің "Қазақстан – 2050" Стратегиясы аясында мақсаттарымыз бар және Үкімет оларға қол жеткізу үшін жасалатын жұмысты жандандырғаны жөн. Бұл міндет жауапты әрі оңай емес", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өз жарлығымен Әділбек Жақсыбековтің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы лауазымына тағайындалғанынан хабардар етті. "Мемлекеттік хатшы кең ауқымдағы міндеттерді атқарады, ал Жақсыбековтің бұдан бұрынғы қызмет салаларында жинаған тәжірибесі мен білімі жаңа қызметіндегі міндеттерді шешуге айтарлықтай септігін тигізетін болады", – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігі басшысы лауазымына Нұрлан Нығматулинді тағайындағаны туралы мәлімдеп, оның өңірлік деңгейде де, орталық деңгейде де мол жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өтті. "Өздеріңіз білетіндей, Президент Әкімшілігіне жоғары жауапкершілік жүктелген, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі сіздердің жұмыстарыңызға байланысты. Сондай-ақ Әкімшілік өңірлік және орталық атқарушы органдардың жұмысын үйлестіре отырып, қабылданған шешімдер мен тапсырмалардың орындалуын қадағалайтын негізгі бақылаушы орган болып саналады. Осыған байланысты негізгі міндет – ел азаматтарының мүддесіне сай келетін барлық қажетті шешімдердің қабылдануын қамтамасыз ету және жүзеге асыру", – деді Қазақстан Президенті.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer