03 сәуір 2014 | 18:07

Бір аптадан соң Алматы марафонына тіркелу аяқталады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

Бір аптадан соң - 10 сәуір күні сағат 00.00-де Алматы марафонына қатысушыларды тіркеу аяқталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі жалпықалалық қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бір аптадан соң - 10 сәуір күні сағат 00.00-де Алматы марафонына қатысушыларды тіркеу аяқталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі жалпықалалық қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.

Бұл уақытта Аlmaty-marathon.kz  сайтындағы "Тіркеу" бөлімі жұмысын тоқтатса, сол күні сағат 20.00-де оффлайн тіркеу аяқталады. Марафонның өзі 20 сәуірде сағат 06.00 мен 15.00 аралығында өтеді. Оған 10 мыңнан астам адам қатысады деген болжам жасалды. Ниет білдіргендердің арасында Ұлыбритания, Швеция, Түркия, Литва және басқа да елдердің азаматтары бар. Марафонның экиден сайысына корпоративтік командалар қатыса алады. Ұйымдастырушылар жарысқа қатысқысы келетіндерге асығуды ескертеді, өйткені MyLaps компаниясының мамандары марафон күні әрбір сайыскердің мейлінше дәл хронометриясын ұсыну үшін сайтқа тіркелгендердің жеке мәліметтерін алдын ала талдауы тиіс. Мұндай тәжірибе барлық халықаралық жарыстарда қолданылады.

Айта кетейік, 20 наурызда Mega Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығында марафонға қатысушыларды тіркейтін орын ашылған болатын. Бұл жерге келіп өтініш берген адам мәре нөмірі мен қажетті жадынамаларға ие болады. Жадынамада марафонға қатысатын адамға арналған пайдалы кеңестер мен таңдалған қашықтықтың бағыттары жазылған. Мәре нөмірін алу үшін жеке куәліктің көшірмесі, алғашқы жарна және өз денсаулығына қатысты жауапкершілікті мойнына толық алатыны туралы қолхат талап етіледі. Тіркеу тұрағында еріктілер өтініш білдірушілерге көмектесіп, тиісті кеңестер береді. Тұрақ сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін ашық болады. Марафоннан түскен қаржы қатерлі ісікке шалдыққан балаларды емдеуге және онкологтарға қажетті жабдықтар алуға жұмсалатынын еске саламыз. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer