Қазақстан мен Швейцария құрамалары арасындағы Дэвис кубогының ширек финалдық кездесуін Станислас Вавринка мен отандасымыз Андрей Голубев ашатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап.

Ширек финал кезеңінің жеребесі бүгін Женевада тартылды. Оның қорытындысы бойынша екінші болып әлемнің экс-бірінші ракеткасы Роджер Федерер мен Михаил Кукушкин ойнайтын болады. Бұл кездесулер 4 сәуір күні өтеді. Ал, Қазақстан мен Швейцария теннисшілері арасындағы жұптық кездесу 5 сәуірге жоспарланса, 6 сәуір күні теннисшілер тағы жекелей сында ойнайтын болады.
Бұл құраманың капитандары қазірге жұптасып өнер көрсететін спортшылардың есімдерін айтқан жоқ. Дегенмен, жергілікті БАҚ өкілдерінің болжамы бойынша, Вавринка/Федерер мен Недовесов/Королев ойнайтын көрінеді.
Айта кетейік, жалпы ширек финалдың аясында екі елдің теннисшілері бес кездесу өткізеді. Ал теннистен бейресми әлем біріншілігі болып саналатын бұл турнирдің жартылай финалына үш кездесуде жеңіске жеткен құрама шығатын болады.