03 сәуір 2014 | 21:09

Петропавлдың 11 жастағы тұрғынына марқұм анасының қарызын өтеуге жайсаң жандар көмектесті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бесінші сынып оқушысы Лена Сиденко. Сурет "Жетінші арна" кадрінен алынды Бесінші сынып оқушысы Лена Сиденко. Сурет "Жетінші арна" кадрінен алынды

Петропавлдың жастай жетім қалған 11 жастағы тұрғынының атына банк марқұм анасы төлеп үлгермеген несиені тіркеген. Сөйтіп борыш міндеттемесін орындай алмайтындығын сылтауратып қарыз берушілер қыздың пәтерін тәркілемек болған. Бұл жайт айналадағы жұртты бей-жай қалдырмады. Ақыры жетім қызға қолы ашық адамдар несиесін жабуға көмектескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Петропавлдың жастай жетім қалған 11 жастағы тұрғынының атына банк марқұм анасы төлеп үлгермеген несиені тіркеген. Сөйтіп борыш міндеттемесін орындай алмайтындығын сылтауратып қарыз берушілер қыздың пәтерін тәркілемек болған. Бұл жайт айналадағы жұртты бей-жай қалдырмады. Ақыры жетім қызға қолы ашық адамдар несиесін жабуға көмектескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Петропавлдың 11 жасар тұрғыны ерте жетім қалып, оны бір әйел қамқорлығына алған. Алайда марқұм анасынан қалған қарыз бойынша бұл отбасыға банк маза бермеген. Жетім қызды қамқорлыққа алған әйелдің айтуынша, оған банктен біреулер қоңырау шалып, дереу қарызды жабуды сұраған. Ақыры оларға қолы ашық адамдар көмектескен. "Осы қиналғанын да жетеді, балаға да қоқан-лоқы көрсету тоқтатылуы тиіс деді маған. Бірақ күдіктеніп, күмәнданғаным рас. Бір жағынан, қиыншылық осымен бітеді деген ой қылаң берді, тағы бір жағынан білмейтін адамнан ақша алған да ыңғайсыз. Мен өзім де қарызды төлей алатын едім, егер оны менің табысыма қарай бөліп есептеп берсе" - дейді қыздың қамқоршысы Зинаида Мулькова.

Қазір әйелдің қолында несиенің өтелгенін айғақтайтын бір тілім қағаз бен пәтерді тәркілеу үкімі жойылғандығы туралы құжаттар бар. Бірақ соған қарамастан осы іске қатысты кезекті сот тыңдалымы боп өтті. Банк өкілі істі тоқтатып, өз кезегінде соттан шағымдарын кері қайтарып алуға дайын екендіктерін мәлімдеді. Тек банк өкілінің қолында соны айғақтайтын құжат болмай шықты.

"Қарыз өтелгендіктен, қарсы қоятын талабымыз жоқ. Біз алдындағы шағымымызды кері қайтарып алсақ дейміз. Алайда шағымнан бас тартуға қол қоятын директордың сенімхаты болмай тұр. Сенімхат дайын, бірақ ол әлі бізге жеткен жоқ. Дәл қазір ол менің қолымда жоқ, бірақ бір апта барысында сенімхат қолымызға тиіп қалады" - деді банк өкілі.

Еске сала кетелік, алдында бесінші сыныпта оқитын Лена Сиденконың үстінен марқұм анасы төлеп үлгермей қалған 90 мың теңге тұтынушылық несие бойынша сотқа шағым түскен. Әйел бір жыл бұрын инфарктен көз жұмған, ал оның жетім қалған қызы пәтерінен айырылып қалуы мүмкін еді. Банктегілер қарыз көлемі аз екенін мойындайды, алайда банк өкілінің пікірінше, ережедегі бір пунктің алынып тасталуы қаржы ұйымдарына миллиондаған шығын әкелуі ықтимал.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer