04 сәуір 2014 | 11:33

Екі жұбымыз Нанкин Олимпиадасының жолдамасына таласады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет volley.kz сайтынан Сурет volley.kz сайтынан

Жағажай волейболынан еліміздің өрімдей жас таланттары Таиландта өтетін електік сында жасөспірімдер арасындағы Нанкин Олимпиадасының жолдамаларына таласатын болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жағажай волейболынан еліміздің өрімдей жас таланттары Таиландта өтетін електік сында жасөспірімдер арасындағы Нанкин Олимпиадасының жолдамаларына таласатын болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін тай елінде, нақтырақ айтқанда, Кханом жағажайында 17-27 тамыз аралығында Нанкинде (Қытайда) өтетін жасөспірімдер арасындағы жазғы ІІ Олимпиада ойындарының електік додасы басталады. Азия аймағы бойынша өтетін іріктеу турниріне біздің ел де ұл-қыздарын үкілеп қосып отыр. Ел намысын Ақтаудағы «Каспий» клубының өкілдері қорғайды. Атап айтқанда, қыздар арасында Анастасия Туктарева – Екатерина Ласюта жұбы, ал ұлдар арасында Сергей Полищук пен Егор Дмитриев өз бақтарын сынайды.

Бірден айта кетейік, жағажай волейболы жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына бірінші рет енгізіліп отыр. Осыдан төрт жыл бұрын Сингапурде өткен жас таланттар арасындағы алғашқы Олимпиада ойындары бағдарламасында тек классикалық волейбол ғана болған.

Ал Нанкин Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізу үшін жүлделі орындардың біріне ие болу қажет. Кханомда осы санаулы жолдамаларға 25 жұп (13-і бозбалалар, ал 12-і бойжеткендер арасында) таласады.

Жалпы, топтық кезеңде бұл жұптар төмендегідей болып жіктелген:

Бозбалалар
«А» тобы: Гуам, Шри-Ланка, Жапония
«B» тобы: Таиланд, Вануату, Мальдив, Катар
«С» тобы: Қазақстан, Индонезия, Австралия, Сауд Арабиясы
«D» тобы: Сингапур, Жаңа Зеландия, Иран, Тайпэй

Бойжеткендер
«А» тобы: Соломонов аралдары, Гонконг, Вьетнам
«B» тобы: Гуам, Шри-Ланка, Таиланд
«C» тобы: Қазақстан, Жаңа Зеландия, Тайпэй
«D» тобы: Австралия, Жапония, Индонезия

Бүгін топтық ойындар өтеді, ертең – плей-офф додалары. Ал финалдық ойындар жексенбіге белгіленген.

Еліміздің намысын қорғайтын екі жұп та бұл сынға Түркияда дайындалып, оқу-жаттығу жиынын өткізген. Төрт спортшымызың ішінде Екатерина Ласютаның тәжірибесі молырақ. Ол былтыр 19 жасқа жейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысып, Анна Елефренкомен бірге 25-орынға ие болған. Ал Анастасия Туктарева екеуі былтырғы маусымның ортасынан бері бір жұпта ойнап жүр. Соған қарамай, былтыр күздегі ел чемпионатының ақтық сынында қола жүлдеге қол жеткізіп, көзге түскен.

Ал Сергей Полищук пен Егор Дмитриевтің бір жұпта ойнап жүргендеріне көп болған жоқ. Десек те, Қазақстан волейбол федерациясы екі жұпқа да сенім артып, жүлделі орындарға таласады деп үміттенеді. Өз кезегімізде, біз де оларға сәттілік тілейміз.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer