Қазақстандық көліктердің экспорты артып келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық көліктердің экспорты артып келеді Фото chelkamaz.ru сайтынан

Қазақстанның Кедендік одақ елдеріне сатқан азық-түлік тауарлары мен көліктердің кейбір маркалары бойынша экспорттың үлесі артты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневке сілтеме жасап.

"Өткен жылы Қазақстаннан көлік-техникалық өнімдердің бірқатар маркалары бойынша тасымалдың көлемі артты. Осылайша, кейбір көлік пен құрал-жабдықтардың экспорты 4,8 есеге өсті. Тоңазытқыштар мен мұздатқыштардың экспорты - 4,5 есе, металлопрокат станоктары - 5,5 есе, ал көлік құралдарының көлемі 2,6 есеге өсті", - дейді А.Слепнев. 

Оның сөзіне қарағанда, 2013 жылда Қазақстанның Ресейге 1,2 мың жүк көлігі тасымалданды. Соның басым бөлігі - салмағы 20 тоннадан асатын жүк машиналары. Бұдан басқа, қазақстандық азық-түлік тауарларының экспорты тұрақты түрде артып келеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети