04 сәуір 2014 | 14:44

Қарағанды облысында үш ауылдың тұрғындары көшірілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көкпекті елді мекені. ©Баубек Қоңыров Көкпекті елді мекені. ©Баубек Қоңыров

Қарағанды облысының Осакаров ауданында тасқын қаупіне байланысты Николаевка, Садовое, Қарағайлы елді мекенінің тұрғындары ішінара көшірілді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысының Осакаров ауданында тасқын қаупіне байланысты Николаевка, Садовое, Қарағайлы елді мекенінің тұрғындары ішінара көшірілді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Суқоймаларды су деңгейі түсіп, қауіп сейілгеннен кейін көшірілген тұрғындар үйлеріне оралады", - делінген хабарламада. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта өңірдегі барлық суқойманың жағдайы қадағаланып отыр. "Бөгеттерді нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, қауіпті нысандарда кезекшілік атқарылуда, суқоймалар деңгейі тұрақты түрде бақыланып отыр, су жіберетін арықтар тазаланып жатыр, жарылыс жұмыстары жасалуда. Құндызды өзенінде инженерлік техниканың көмегімен бөгеліп қалған мұздар жойылды. Қарғалы, Сабырқожа өзені мен Батпақ плотинасында жарылыс жұмыстары жүргізілді", - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі. 

Суқоймалар маңындағы елді мекен тұрғындарына тасқын болуы мүмкін екені ескертіліп жатыр, жиындар өткізіліп, төтенше жағдай кезінде әрекет ету ережелері түсіндірілген, мамандар аула-ауланы аралап, жадынамалар таратуда. Департамент мамандарының хабарлауынша, 1 сәуірде Нұра ауданында Нұра өзенінің Киевка және Байтуған ауылдары арасындағы сағасында бір үйір жылқы тасыған су ортасында қалыптасқан аралшықта қалып қойған. "Өзен суы деңгейінің көтерілуіне және мұзға байланысты жылқылар құрлыққа шыға алмаған. Бүгінде 88 бас жылқының арам өлгені белгілі болды. Жергілікті атқарушы органдар тасқын басталмай тұрып тұрғындарға суқойма маңына мал жаюға болмайтынын екерткен", - дейді мамандар.

Төтенше жағдай қызметкерлері жылқылар өзен бойында жүргізілген жарылыс кезінде қырылды деген ақпаратты жоққа шығарды. "Құндызды және Нұра өзендерінің сағасында жүргізілген жарылыс жұмыстарының мұндай жағдайға әсер етуі мүмкін емес", - дейді мамандар. Еске сала кетейік, 31 наурызға қараған түні Көкпекті суқоймасының бөгеті жарылып кеткен болатын. 300-ге жуық үйді су басып, бес адам қаза тапты. Тағы алты адам ауруханаға түсті. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer