04 сәуір 2014 | 15:15

Қызылордада май құю бекетіне шабуыл жасағандар сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©РИА Новости ©РИА Новости

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты май құю бекеттеріне жасалған шабуылға қатысты үкім шығарды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты май құю бекеттеріне жасалған шабуылға қатысты үкім шығарды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыс 2013 жылдың 12 қарашасында жасалған болатын. Ертеңгілік мезгілде бетперде киген екі ер адам Қызылорданың "Ақмешіт" ықшамауданында Helios компаниясының май құю бекетіне шабуыл жасады. Қарақшылар кассадан 787,8 мың теңгені алып, кассирді атып кетті. Полиция күдіктілерді ұстап, заттай айғақтарды тәркіледі.

Қылмыскерлер сотқа алқабилерді қатыстыру құқығын пайдаланып, өздеріне кешірім жасалатынына үміттенген. Тергеудің анықтауынша, кассирге оқ атқан жігіт бұрын бұзақылығы үшін жауапқа тартылған. Сотта ол теріс пиғылының болмағанын, ал кассирді "кездейсоқ" атып алғанын, оған қоса, қылмысты сол кассирдің ұйымдастырғанын дәлелдеуге тырысты. 

Ол қарақшылық шабуыл жасағаны, қызметтік бөлмеге заңсыз кіріп, қару қолданғаны және пайдакүнемдік мақсатпен кісі өлтіргені үшін айыпты деп танылды. Оған мүлкін тәркілеумен бірге 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. "Оның әрекетінде аса қауіпті қылмыстың қайталанғаны дәлелденді. Ол айрықша режимдегі түзеу колониясында жаза өтейтін болады", - делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Екінші шабуылшы қызметтік кеңсеге заңсыз кіріп, қарақшылық шабуыл жасағаны үшін айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтейтін болады. Қарақшыларды оқиға орнына әкеліп тастағанымен қоймай, кейін оларды алып кеткен көлік жүргізушісі қарақшылық шабуылға жәрдемдескені үшін айыпты деп танылды, ол да бес жылға сотталды.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer