Қарағандының тұрғыны өз ұтысын сот арқылы алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандының тұрғыны өз ұтысын сот арқылы алды Фото kama-servis.ru сайтынан

Қарағанды қаласының тұрғыны ойын ұтысы кезінде жеңіп алған автокөлікті ала алмады. Алайда сот арқылы оның ақшасын өндіріп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды қаласының тұрғыны ойын ұтысы кезінде жеңіп алған автокөлікті ала алмады. Алайда сот арқылы оның ақшасын өндіріп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, 2012 жылы ол банктен несие алған кезде арнайы ойын ұтысының купонына ие болған. Ойынның бас жүлдесі - "Ниссан" автокөлігі. Оны ұтқанын тек келесі жылы көктемде жергілікті баспасөз беттерінен ғана білген. Ұтыстың өзі Алматы қаласында өткен. Содан дереу ұйымдастырушыларға хабарласып көрді. Олар оның жеңімпаз болғанын растаса да, бас жүлдені қайтадан ойнатып, басқа жеңімпазға бергендерін жеткізген. Себебі ол ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпай, жазбаша ескертулерге жауап бермеді. Ал ойынның шарты сол, алғашқы жеңімпаз табылмаса, бас жүлде тағы бір мәрте ойнатылады.

Дегенмен, ер адам онымен келіспей, Қазыбек ауданының №2 сотына арыз түсіріп, жеңіп алған "Ниссан" автокөлігінің бағасы - 3,5 миллион теңгені өндіріп алды. Сотта ұтысты өткізгендер жеңімпазға хабарласқандарын растайтын нақты дәйектерді көрсете алмады. 

"Мәселен, арыз берушінің ұялы телефонына шалынған қоңыраулардың баспа нұсқасы көрсеткендей, ұйымдастырушылар жеңімпазға бір-ақ рет звондаған. Соның өзінде қоңыраудың уақыты бір секундтың айналасында болды. Сол кезде қоңырауды арыз беруші емес, олардың өздері қайтарып тастады. Ал жазбаша хат ешқандай ескертусіз поштамен жіберілген. Оның өзі қолма-қол берілген жоқ", - делінген ресми хабарламада. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети