04 сәуір 2014 | 17:21

Тарихшы Қойшығара Салғараұлы 75 жаста

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қойшығара Салғараұлы фото Аlashainasy.kz Қойшығара Салғараұлы фото Аlashainasy.kz

Тарихшы Қойшығара Салғараұлының 75 жасқа толуына орай Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде ғылыми конференция ұйымдастырылды деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Тарихшы Қойшығара Салғараұлының 75 жасқа толуына орай Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде ғылыми конференция ұйымдастырылды деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Шара барысында қазақ тарихына сүбелі үлес қосқан ғалымның еңбектері туралы Мырзатай Жолдасбеков, Намазалы Омашев секілді тұстастары баяндама жасады. Айтулы мерейтойға байланысты кеш қонақтары Қойшығара Салғараұлының мемлекетке сіңірге еңбегі туралы айта отырып, қазақ ғылымында орны туралы да әңгіме қозғады.


«Халықтың мақтанышына айналған Олжас Сүлейменов бір кездері қазақ тіліне қарсы болды. «Ресейден кетуге болмайды. Кететін болсақ, құримыз», - дегенді де айтты. Осыдан кейін не істеуге болады. Сол кездері жұрттың жүрегінде ұлттық сананы қалыптастыру деген мәселе көтерілген-тін. Қойшығара Салғараұлы осы тұрғыдан келіп, ұлттық сананы қалыптастыруға көп еңбек сіңірді. Оны қалыптастыру үшін тарихты білу керек. Тарихи сана қалыптастақаннан кейін барып ұлттық сана қалыптасады. Қойшыекеңнің атқарған еңбегі ұшан-теңіз», - деді жазушы Төлен Әбдік.


Ал "Кеңес Одағы кезінде серпіліс жасаған ғалымның бірі Қойшығара" деген пікірді философ Ғарифолла Есім мырза өрбітті.


«Біз мектепте оқығанда өтірік айтты. Кейін университетте сондай жағдай қайталанды, комсомол дегеніміз тағы өтірік болып шықты. Партияның өзі де өтірік болғанын айтуымыз керек. Хрущев съездге жинап алып тұрып, 1980 жылы коммунизм құрамыз деп тұрып тағы да өтірік соқты. Біз соған сеніп ол сөзді халыққа айттық. Біз осылайша үнемі өтіріктің ортасында жүрдік. Сондай өтіріктен аршып шығам деп белсеніп кіріскен тарихшы – Қойшығара Салғараұлы. «Алтын тамыр» атты еңбегі жарыққа шыққан кезде бұған да қолымыз жетті-ау деп қуандық. Осы орайда Қойшығара Салғараұлының еңбегі ерен», - деді Ғарифолла Есім.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer