ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековке сенім грамоталары тапсырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.
ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековке сенім грамоталары тапсырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.
ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков Сьерра-Леоне, Мальта, Португалия, Хорватия, Кипр және Чад Республикаларының елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Екіжақты кездесулер барысында мемлекетаралық қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды", - делінген хабарламада.
Жақсыбеков жаһандасу жағдайында саяси, экономикалық, сауда, ғылыми, мәдени және өзге де салалардағы ынтымақтастықты дамыту біздің мемлекеттеріміздің ұлттық мүдделеріне сай келетінін атап өтті.
Тараптар кең ауқымды мәселелер бойынша байланыстарды өзара кеңейтуге аса мүдделі екендерін жеткізді. Олардың қатарында халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, өзара инвестиция және сауда, энергияның балама көздері және агроөнеркәсіп кешені, білім және ғылым, туризм және басқа да перспективалы салалар бар.
Мемлекеттік хатшы аталған мемлекеттердің төтенше және өкілетті өкілдерінің қызметі елдеріміздің арасындағы ынтымақтастық әлеуетін ұлғайтуға септігін тигізетініне үміт артатынын жеткізді.