05 сәуір 2014 | 15:39

Риддердегі жер үйдің ортасына опырылып түсу себебі анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© ШҚО ТЖҚ баспасөз қызметі © ШҚО ТЖҚ баспасөз қызметі

Алдын ала келтірілген деректер бойынша, Риддердегі бір үйдің бүтіндей жер астына опырылып түсуі Риддер-Сокольный кенішіне қарасты "Быструшинская" 11-ші горизонты шахтасы камерасының төбесінің бұзылуынан орын алған деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығына сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алдын ала келтірілген деректер бойынша, Риддердегі бір үйдің бүтіндей жер астына опырылып түсуі Риддер-Сокольный кенішіне қарасты "Быструшинская" 11-ші горизонты шахтасы камерасының төбесінің бұзылуынан орын алған деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығына сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

"Жер бетін, опырылған ауданмен жапсарлас жатқан тау-тасты тексерген соң Лениногорскінің әскери тау-кен құтқару жасағы сарбаздарының және кешін қызметкерлерінің, сондай-ақ графикалық материалдарды зерттеуші өкілдердің көмегімен алдын ала мынандай жайт анықталды: "Быструшинская" 11-ші горизонты шахтасына қарасты бір камераның төбесі қираған" делінеді хабарламада. Тағы да жердің опырылуының алдын алу үшін қауіпті аймақты оқшаулайтын бетондалған тосқауылдар қойылып жатыр. Бұл таудан құлаған массаның жер асты кенішіне кеп түспеуін қамтамасыз етеді екен.

"Үй көлеміндей орын алған ойықтың үлкейіп кетпеуі үшін кеніш шахтасынан жоғарғы жер қабатына дейін ұзындығы 300 метрді құрайтын аумақты бетондау туралы шешім шығарылған, яғни үңірейіп қалған аумақтың барлығы жердің беткі қабатымен бірдей етіп бетонмен тегістеледі" делінеді хабарламада.

ШҚО ТЖҚ мәліметі бойынша, үңірейген аумақты бетондау жұмысы 5 сәуірде таңертең басталып кеткен. "2014 жылдың 5 сәуірінде сағат 09.35 шамасында үңірейген жерді бетон сұйықтығымен толтыру басталып кетті. Сондай-ақ шахтада өндіріліп жатқан кенішке де құлаған масса түсіп кетпесі үшін бетоннан тосқауылдар жасалып жатыр" деп атап өтеді ТЖҚ.

"Қазцинк" ЖШС болған төтенше оқиғадан зардап шеккен азаматтарға материалдық шығын өтеу және апатты жою бойынша барлық міндеттемені өз жауапкершілігіне алып отыр. Компания уақытша көші-қоны үшін азаматтарға (бір үй басына) 200 000 теңге көлемінде материалдық көмекақы төлейді.Егер қайтадан қалпына келтіру жұмыстары аяқталған соң, ол аумақтағы қандай да бір үй апатты боп танылса, онда компания жаңа үй сатып алып беруге міндетті.

Төтенше оқиға Риддер-Сокольный кеніші ауданында 4 сәуірде орын алған. Жер ойылып, бүтіндей бір үй жер астына опырылып түскен. Үңірейген аумақта шамамен 50 жекенешіктің үйі бар. ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметі мәлімдегендей, үйдің жер астына опырылып түсуіне байланысты Риддер-Сокольный кенішін тексеру белгіленген. Шахта жұмысы уақытша тоқтатылған. Ол арадан шамамен 500 кенші дереу арада сыртқа шығарылған.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer