06 сәуір 2014 | 15:07

Шымкент тұрғындары қираған тасжолдарға коммуналдық қызмет компанияларын кінәлап отыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

 Otyrar.kz порталының аймақтық тілшілері Шымкент жолдарына саяхат жасады. деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бірінші нүкте Садықұлы көшесі. Мұнда таяуда төселген тасжол отырып қалған.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

 Otyrar.kz порталының аймақтық тілшілері Шымкент жолдарына саяхат жасады. деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бірінші нүкте Садықұлы көшесі. Мұнда таяуда төселген тасжол отырып қалған.

 "Міне, қараңыздар жолдар отырып кеткен. Мұндай шұңқырлар біздің көшемізде жетіп артылады", дейді жергілікті тұрғын Владимир Петрашов. Оның айтуынша, бұған кінәлі газ жүргізушілер. Олар жаңадан жөнделген жолдарға өздерінің құбырларын өткізеді. Соның салдарынан тасжолдар "ағып кетуде". Байырбеков пен Әлімбеков көшелерінің қиылысында осындай жағдай. Газ жүргізушілер жолдарды қазып тастайды да қайтадан қалпына келтірмейді. 

"Сенесіздер ме мына шұңқырға жиырма КамАз тас төгілген, бірақ нәтиже жоқ. Мен коммуналдық қызметкерлер мен жол жөндеушілердің неге өзара келісіммен жұмыс істемейтініне таңғаламын. Ең алдымен коммуналдық қызметкерлер газын өткізіп, басқа да қажетті құбырларын ауыстырып алсын, содан кейін жол жөндеушілер өз жұмысына кіріссін. Жоқ, керісінше, бірінші жол жөнделеді, оны келіп коммуналдық қызметкерлер қиратады, деп ренішін білдірді Петрашов. 

Шымкенттегі "Оңтүстік" шағын ауданында осындан екі жыл бұрын ғана жаңа тасжол төселген. МСол кезде тұрғындар басшылыққа алғыстарын жаудырған болатын. Ал қазір сол тасжол сонау кеңес одағында жасалған секілді күйге түскен. 

Көлік және жолаушылар жолы басқармасының басшысы  Аскар Шалабаевтың айтуынша, тасжролдың мұндай күйге түсуіне "КазТрансГаз Аймак" жалдаған газ өткізуші компания кінәлі. "Бұл елбасының тапсырмасы. Газ өткізушілерінің өз жұмыс кестесі бар. Алайда олардың жұмысы тым ұзаққа созылып кетті. Біз оларды жаз бойы күттік, олар ал олар болса тек күзде жұмыстарын аяқтады. "НС-Люкс" компаниясы құбырларды өткізіп болған соң тасжолды қайта қалпына келтіру керек болған. Алайда олар оны жасамаған. Басқа шағын аудандардағы жолдарды да олар қалпына келтіруге тиіс. Мамыр айына дейін олар өз қаржыларына жолдарды жөндейді. Садықұлы көшесіне жаңадан тасжол төсейді" дейді Шалабаев. 

"КазТрансГаз Аймак" компаниясының басшысы Василий Ким тасжолдар өздерінің кесірінен қирағанын жоққа шығармайды. Оның айтуынша иаиырға дейін жолдарды қалпына келтірілмек. Бұгінде жөндеу жұмыстары басталып та кеткен. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer