Астана және Ақмола облысында дауыл туралы дабыл қағылды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Казгидромет" сайтына сілтеме жасай отырып.
7-9 сәуір аралығында Ақмола облысында оңтүстік батыстан секундына 23-28 метр жел күшейеді. Ал Астанада осы күндері секундына 15-18 метр жел тұрады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының бұзылуы туралы ақпарат берілген болатын. Таяу күндері осы облыстарда қар көшкіні қаупі бар.