06 сәуір 2014 | 20:53

Атырауда ерлі-зайыптылар алты баласын уағыздағаны үшін сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет metronews.ru сайтынан алынған Сурет metronews.ru сайтынан алынған

"Атырау облысында ерлі-зайыптылар алты баласын уағыздағаны үшін сотталды" деп хабарлайды Tengrinews.kz Azh.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Атырау облысында ерлі-зайыптылар алты баласын уағыздағаны үшін сотталды" деп хабарлайды Tengrinews.kz Azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Құлсары қаласында тұратын ерлі-зайыптылар "Өзге жандарды террорлық не экстримистік әрекетке уағыздау не дайындау және қаруландыру" бабы бойынша соттлады. Жылой ауданы прокурорының көмекшісі Алтынгүл Исмағұлованың сөзіне қарағанда, бұдан біраз уақыт бұрын ерлі-зайыптылар «қарулы жихад» идеясын амалға асыру мақсатында жұмыс істей бастаған көрінеді.

Халықаралық террористік ұйым мүшесі болып табылатын туысының ықпалымен олар Сирияға соғысқа аттанбақ болған. Сол мақсатпен олар өздеріне және 4-14 жас аралығындағы алты баласына шет елге шығуға қажет паспорттарын рәсімдеген.

Одан өзге белгілі боғаны, олар балаларын мектепке жібермей қойған. Олардың пайымынша, мұғалімдер-кафирлер және тура жолға оқытпайды. Сол үшін 2012 жылдың қаңтар айында Құлсары мектебіне «облыс орталығына көшуімізге байланысты балаларымызды мектептен аламыз» деп арыз берген.

"Бұл ата-анаға баласына орта білім әперуді міндеттейтін «Неке және отбасы туралы» ҚР Кодексін бұзу болып табылады" дейді Исмағұлова. Арнайы тексеру іс-шарасы нәтижесінде сотталған ер азаматтың күйеу баласы мен қарындасын да жихадқа қатысуға уағыздағаны белгілі болды. Оларды сол жолда өзін ғана емес, қажет болса, балаларды да құрбандыққа шалуға дайын болуға үндеген.

Ерлі-зайыптылар экстримистік сайттар арқылы қару қолдану, жарылғыш заттар дайындауды үйренген және балаларын қарулы жихад жасауға уағыздаған.

Сот отырысы барысында ерлі-зайыптылардың кінәсі толығымен дәлелденді. Отағасы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Зайыбы да кінәлі деп танылды, алайда жазасын өтеу мерзімі үлкен баласы кәмелет жасқа толғанға дейінге шегерілді. Сот үкімі әлі заңдық күшіне енген жоқ.
 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer