07 сәуір 2014 | 12:48

Қарағандыда қоғамдық көліктің 100 жүргізушісі жұмысқа шықпай қойды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Nv.kz ©Nv.kz

Қарағандыда №№43, 53, 19, 1 және басқа да бағыттардағы автобус жүргізушілері рейске шықпай қойды деп хабарлайды "Новый вестник".  Басылымның мәліметінше, наразылық шарасына 100-ге жуық адам қатысып жатыр.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда №№43, 53, 19, 1 және басқа да бағыттардағы автобус жүргізушілері рейске шықпай қойды деп хабарлайды "Новый вестник".  Басылымның мәліметінше, наразылық шарасына 100-ге жуық адам қатысып жатыр.

Жүргізушілер күніне 70 мың теңге табу туралы жоспарды азайтуды және рейске берілетін жанармай мөлшерін көбейтуді талап етіп отыр. Олардың сөзіне қарағанда, автопарк беретін жанармай жетпейтіндіктен, автобус жүргізушілері рейске көбіне өз есебінен шығуға мәжбүр. Жұмысшылар наразылық білдірген жерге полицейлер, шенеуніктер, прокурор мен мемлекеттік еңбек инспекторы келді. Тараптар қалыптасқан ахуалды талқылап жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда жолақы құны қымбаттап, бұл жайт тұрғындардың наразылығын туғызған болатын. Қоғамдық көлікте жүру ақысы бұрын 50 теңге болса, қазір қарағандылықтар 80 теңге төлейді. Зейнеткерлер, І және ІІ топтағы мүгедектер және Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соған теңестірілген азаматтарға ғана жолақы құны бұрынғысынша 50 теңге болып қалды. Автопарк өкілдері жолақыны қымбаттату есебінен көліктерді жаңартуды жоспарлап отырғанын айтқан болатын. 

 

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer