07 сәуір 2014 | 15:01

Журналист Павлюктің өліміне қатысы бар екі күдікті ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Геннадий Павлюк Геннадий Павлюк

Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкерлері Бішкекте қырғыз журналисі Геннадий Павлюктің өліміне қатысы бар күдіктілерді ұстады деп хабарлайды Tengrinews.kz Қырғызстанның Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Павлюкті 2009 жылы Алматыда белгісіз біреулер өлтіріп кеткен еді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкерлері Бішкекте қырғыз журналисі Геннадий Павлюктің өліміне қатысы бар күдіктілерді ұстады деп хабарлайды Tengrinews.kz Қырғызстанның Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Павлюкті 2009 жылы Алматыда белгісіз біреулер өлтіріп кеткен еді.

Қырғызстанның Бас прокуратурасына Қазақстанның Бас прокуратурасынан Қырғыз Республикасы ҰҚМК-нің екі қызметкеріне қатысты қылмыстық қудалау ұйымдастыру үшін тиісті материалдар түскен. Қазақстанның Бас прокуратурасының мәліметінше, Геннадий Павлюкті өлтіруге қатысу дерегі бойынша әлгі екі қызметкерді айыпкер ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шығарылған. Бұл іс бойынша тергеу тобы құрылып, жедел шаралар жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 2011 жылдың 10 қазанында Алматы ауданаралық соты журналист Павлюктің өлімі дерегі бойынша Қырғыз Республикасы ҰҚМК-нің бұрынғы қызметкері Алдаяр Исманқұлов пен Қазақстанның екі азаматы - Игіліков пен Орозалинге үкім шығарылған болатын. Қазақстандық полицияның мәліметінше,  2009 жылдың 16 желтоқсанында белгісіз біреулер Геннадий Павлюкті Алматыдағы тұрғын үйдің алтыншы қабатынан лақтырып жіберген. Оның аяқ-қолы скотчпен байланған болып шықты. Қырғызстандық әріптестері мен жақын туыстары Павлюктің өлімі оның кәсіби қызметімен байланысты екенін айтады және олардың айтуынша, журналистің өліміне Қырғызстанның экс-президентінің ағайыны Жаныбек Бакиевтің қатысы бар. Бірақ қазақстандық тергеушілер бұл өлімнің саяси тапсырыс екенін жоққа шығарған болатын.

 

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer