Ереуілшілер Донецк халықтық республикасын жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ереуілшілер Донецк халықтық республикасын жария етті ©REUTERS

Донецкіде ереуілшілер Донецк халықтық республикасын жария етті деп хабарлайды "Сегодня.ua".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Донецкіде ереуілшілер Донецк халықтық республикасын жария етті деп хабарлайды "Сегодня.ua".

Украинаның бірнеше қаласында бір мезгілде сепаратистік шаралар өтіп жатыр. Атап айтқанда, Донецкіде ереуілшілер  облыстық мемлекеттік әкімшілік ғимаратын басып алды. Ғимараттарда бүлік іздері бар, терезелер сынған. Белсенділер өз жетекшілері - "халықтық губернатор" Павел Губаревті босатуды талап етіп жатыр.

Ғимаратта медпункт ұйымдастырылды. Тұрғындар облыстық әкімшілікке отын мен жылы заттар әкеліп, жылу жинап жатыр. Кіреберістен тұтандырғыш сұйығы бар бөтелкелерді көруге болады, белсенділердің өзі милициядан тартып алған қалқандары мен дулығаларын тағынған. Ғимаратқа ресейлік журналистер ғана кіре алады. Ғимараттың тұғырына Ресейдің туы ілініпті, есіктің алдындағы дыбыс зорайтқыштардан Виктор Цой мен Олег Газмановтың әндері және Кеңес Одағының әнұраны естіледі.

"РИА Новости"-дің хабарлауынша, Донецк облысының халықтық кеңесі 11 мамырда жаңа республиканың Ресей қосылуы туралы референдум өткізуді жоспарлап отыр.  

Ал Луганскіде ереуілшілер Украина қауіпсіздік қызметі басқармасының ғимаратын басып алды. Белсенділер есікті сындырып кіріп, қабырғаларды кірпіштермен қиратқан, ғимараттың ішіне түтіндеткіш құтылар лақтырған. Тобыр "Ұят!", "Белсенділерге - еркіндік!" "Ресей!" деп ұрандап жатыр.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети