08 сәуір 2014 | 02:13

"Сарыарқа" екінші жыл қатарынан финалға шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет hc-saryarka.com сайтынан Сурет hc-saryarka.com сайтынан

Қарағандының "Сарыарқасы" "Торос" (Нефтекамск) клубын төртінші рет тізерлетіп, Ресей Жоғары хоккей лигасындағы Братина кубогының финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандының "Сарыарқасы" "Торос" (Нефтекамск) клубын төртінші рет тізерлетіп, Ресей Жоғары хоккей лигасындағы Братина кубогының финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қарағандыда өткен екінші ойында, яғни жартылай финалдағы екеуара төртінші матчта "Сарыарқа" Башқұртстан клубынан 2:0 есебімен басым түсті. Осылай Ресейдің Жоғары хоккей лигасындағы (ЖХЛ) ең үздік клубын төрт матчта тас-талқан қылды.

"Торос" – ЖХЛ тарихында төртінші рет сарапқа салынып отырған Братина кубогының екі дүркін жеңімпазы. Ең алғашқы, 2010/2011 жылдар маусымында жартылай финалда сүрінген. Содан кейін екі жыл осы кубокты иеленді. Биыл екінші рет жартылай финалмен шектеліп отыр. ЖХЛ-да басқа еш клуб мұндай жетістікке қол жеткізген емес.

Осындай азулы клубты жолынан тайдыру үшін "Сарыарқаға" төрт-ақ ойын қажет болды. Жалпы, Қарағанды клубы ЖХЛ-да тағы бір рекордтың шетін "көпсітті". "Сарыарқа" биылғы плей-оффта 12 рет қатарынан жеңіске жетіп, жолына тап болған командаларды оңды-солды жайпап келеді.

Братина кубогының 1/8 финалында "Динамо" (Балашиха) клубымен кездесіп, ең алғашқы матчта тек овертаймда есе жіберіп алып, 5:6 есебімен ұтылып қалған. Содан бері жеңілістің кермек дәмін татқан емес. "Динамоны" сол матчтан соң төрт рет қатарынан ұтса, ширек финалда "Кубань" (Краснодар) клубын да үй демей, түз демей, төрт мәрте тізе бүктірді. Енді міне, мақтаулы "Торосты" да бұйым құрлы көрмеді.

Ең бастысы, "Торостан" былтырғы есесін қайтарды. Өткен маусымда қарағандылықтар Нефтекамск клубымен Братина кубогының финалында кездесіп, өрнекті ойынын көрсетсе де, жеңіліске ұшыраған. Ақтық сын жеті ойынға дейін созылып, 3:4 есебімен аяқталған.

Осы ретте айта кетейік, биыл кеншілер клубына "Торосты" ұту оңай болған жоқ. Төрт кездесуде төрешілер "Сарыарқа" ойыншыларын қалай жазаламады дейсіз. Нефтекамскіде өткен алғашқы екі ойында Қазақстан клубының айып уақыты 64 минут (31+33) болғанын жазғанбыз. Төрешілер жартылай финалдағы төрт кездесуде "Сарыарқа" ойыншыларын екі минуттық үйреншікті айыпты қойып, бес минутқа да, 20 минутқа да мұзайдыннан аластатты.

Ол, ол ма... Бірінші ойыннан соң канадалық легионеріміз Роберт Макмилланды бір ойынға, ал екінші матчтан кейін оның отандасы Кристофер Бреннанды үш ойынға қатыспайтындай етіп, қатаң жазаға тартты.

Мұның бәрі түк емес екен. Төртінші ойында төрешілер жазалаудың тағы бір түрін көрсетті. Үшінші кезеңнің аяғына қарай ала киімді әділ қазылар "Сарыарқа" ойыншылары орындығында отырған қосалқы қақпашымыз, словак Владимир Ковачты 10 минутқа айдыннан аластатты!..

Әрине, басында не болғанын түсіне алмай дал болдық. Сөйтсек, Ковач соған дейінгі ойын сәтінің біріндегі төрешілер шешіміне риза болмай, наразылық білдірген.

"Сарыарқа" енді финалда кездесер қарсыласын тосады. Жартылай финалдық екінші жұпта "Рубин" (Тюмень) және "Молот-Прикамье" (Пермь) клубтары бірін-бірі әлі ала алмай жатыр. Бұл жұптағы жалпы есеп – 2:1. Әзірше "Рубин" – алда.

Шыны керек, азуын айға білеген "Торостан" кейін бұл екеуінен де сескенбейміз. Тек төрешілер әділ болса екен дейміз. Әлде жазалаудың тағы басқа түрлерін көрер ме екенбіз?!

Әрине, лига – Ресейдікі. Қазекем айтқандай, «қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса да». Былтырғыдай 3:4 есебімен ұтылып, өкініп қалуымыз да ғажап емес. Десек те, үмітімізді үзбейміз. Өткен маусымда 23 рет қатарынан жеңіске жетіп, ЖХЛ біріншілігінің рекордын жаңартқан. Биыл плей-офф сатысында 12 рет қатарынан жеңіске жетіп, тағы да тыңнан түлен тартып отыр. Енді осы жеңісті жолы үзілмей, 16 рет қатарынан жеңіске жетуіне тілектеспіз.

Братина кубогы.

1/8 финалы:
/4/ "Сарыарқа" (Қарағанды) – /13/ Динамо (Балашиха) – 4:1 (5:6 ОТ, 4:1, 3:0, 3:0, 3:1)

Ширек финал:
/4/ "Сарыарқа" (Қарағанды) – /5/ "Кубань" (Краснодар) – 4:0 (5:3, 6:3, 3:2, 3:0)

Жартылай финал:
/4/ "Сарыарқа" (Қарағанды) – /1/ "Торос" (Нефтекамск) – 4:0 (4:1, 3:2, 4:3 ОТ, 2:0)

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer