08 сәуір 2014 | 20:52

Үш адамды қағып кеткен аудан әкімінің орынбасары партия қатарынан шығарылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Батыс Қазақстан облысында көлігімен үш адамды қағып кеткен аудан әкімінің орынбасары "Нұр Отан" партиясының қатарынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz партияның облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында көлігімен үш адамды қағып кеткен аудан әкімінің орынбасары "Нұр Отан" партиясының қатарынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz партияның облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұр Отан" партиясының Теректі аудандық филиалының саяси кеңес бюросының шешімі бойынша Абзал Бірәлиев партия қатарынан шығарылды", - деп хабарлады партияның облыстық филиалының өкілдері.

Еске салайық, 6 сәуір күні сағат 21.00 шамасында Оралдағы сауналардың бірінің жанында Теректі ауданы әкімінің орынбасары Абзал Бірәлиев Toyota Camry автокөлігімен үш адамды қағып кеткен болатын. Зардап шеккендер - баласы бар әйел мен бір жас қыз.

Арада біршама уақыт өткен соң Бірәлиевті мас күйінде жол-патруль полициясының қызметкерлері ұстаған. "Медициналық сараптаманың қорытындсы бойынша автокөлікті басқарған жүргізуші орташа деңгейде мас болған. Бірақ адам қағып кеткенін мойындамады", - деп хабарлады облыстық ІІД мамандары.

Теректі ауданы әкімшілігі өкілдерінің хабарлауынша, бұл факт бойынша қызметтік тергеу жүргізіледі. "Қызметтік тергеу жүргізу туралы қаулы дайындалып жатыр. Істі қарастыруға байланысты құрамына аудан әкімі мен орынбасарлары кіретін коммисия құрылады. Бұл іс бойынша құқық қорғау орындарындағы барлық материалдар қаралады, айыптының өзінен түсінік хат аламыз. Істі облыстық жоғарғы тәртіптік кеңестің қаралымына жіберу туралы сұрақты қарастырамыз. Жаза туралы шешімді коммисия шығарады", - дейді әкімшілік аппараты жетекшісінің міндетін атқарушы Мансұр Төлегенов. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer