Мектептің бұрынғы есепшісі 9 миллион теңге ұрлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектептің бұрынғы есепшісі 9 миллион теңге ұрлаған Фото ©tengrinews.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында мектептің бұрынғы есепшісі бюджет қаржысын ұрласа, жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігерін пара алғаны үшін қамауға алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам мектебінде жұмыс істеген бас есепші бюджеттің біраз қаржысын жымқырып, жұмыстан шығып кеткен. Алайда қаржы полицейлері оның бұл ісін анықтап, қылмыстық іс қозғады. 2012 жылы қаңтар айынан бастап мектептің бас есепшісі бірқатар оқытушылардың есеп-шоттарына ақша аударып, 9 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысын ұрлаған.

Ал жедел жәрдем станциясының бас дәрігері пара алғаны үшін ұсталды. Ол станция қызметкерлерінің бірін жұмыста қалдырамын деп 368 мың теңге талап еткен. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бас дәрігердің өзін қамауға алды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети