09 сәуір 2014 | 21:50

Павлодарлықтар тоғайды аман алып қалу үшін бульдозердің астына түсуге дайын

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Анна Уралова © Анна Уралова

Павлодарлықтар қорғалған аймаққа жаңа тұрғын үйлер салуға қарсы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарлықтар қорғалған аймаққа жаңа тұрғын үйлер салуға қарсы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Павлодар қаласының басшылары санитарлық-қорғалған территориядағы 3 мыңға жуық ағашты кесіп, жаңа шағын аудан тұрғызбақшы. Тұрғындар бұл аймаққа жаңа тұрғын үйлер салғанша қалың орманның ортасында отырғанымыз жақсы дейді. Халықтың айтуына қарағанда Ворушинский тоғайы металлургия қалдықтарынан қорғалған жалғыз аймақ. "Бұл - тұрғындардан, зауыттардан қорғалған қаладағы жалғыз жасыл арал. Орман қаланың - өкпесі. Мұнда қайың, емен секілді 5 мың түп ағаш бар. Егер біз бұдан айырылсақ, тас қалада қаламыз", - дейді қала тұрғыны Ольга Кожевникова.

"Біз қала басшылығынан шешімін өзгертуін сұраймыз. Егер олар біздің сөзімізге құлақ аспайтын болса, бәріміз бульдозердің астына түсуге дайынбыз", - дейді қоғамдық ұйым мүшесі Тамара Иванова.

Қала әкімшілігі бұл аймаққа үйлер салудан басқа амал қалмағанын алға тартуда. Олардың айтынша, қала тұрғындары күн санап өсіп келеді. Сондықтан қала басшылығы орманның орнына 16 көп қабатты үй салуды жоспарлап отыр.

Қалалық құрылыс бөліміндегілер де 5 мыңға жуық ағаштың 3 мыңы кесілетіні туралы ақпаратты жоққа шығармайды. Алайда олар әзірге бұл нақты шешім емес деп сендіруде. Павлодар қаласы құрылыс бөлімінің басшысы қызметін уақытша атқарушы Ержан Асылбаев жаңа шағын аудан салу туралы жоба мемлекеттік сараптамадан енді өтетінін, бұл мәселе түбегейлі шешілмегендігін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын Павлодар қаласының басшылығы осы қорғалған аймаққа мектеп салмақшы болған. Алайда тұрғындар сол уақытты жасыл желекті ағаштарды кесуге жол бермеді.  

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer