10 сәуір 2014 | 11:58

Қаржы полициясы алаяқ әйелдерден зардап шеккендерді іздестіріп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Әсемгүл Айтбаева. ©Finpol.gov.kz Әсемгүл Айтбаева. ©Finpol.gov.kz

100-ден астам адамды алдап, олардың атына несие рәсімдеген екі алаяқ келіншектің 112 миллион теңгені иемденіп кеткені анықталды. Қаржы полициясы алаяқтардың іс-әрекетінен зардап шеккен азаматтарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

100-ден астам адамды алдап, олардың атына несие рәсімдеген екі алаяқ келіншектің 112 миллион теңгені иемденіп кеткені анықталды. Қаржы полициясы алаяқтардың іс-әрекетінен зардап шеккен азаматтарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, Лиля Отт және Әсемгүл Айтбаева деген екі келіншек 2013-2014 жылдары аралығында Астанада 100-ден астам адамның сеніміне кіріп, бұрын алған несиелерін жауып береміз деп банктерден жаңа несиелер алуға көндірген. Осы уақыттың ішінде жалпы соммасы 112 млн теңгеден асатын қайтарымсыз тауарлық және ақшалай несиелер рәсімделді. Оның барлығын алаяқтардың өздері иемденіп алған.

2014 жылы сәуірдің 2-сінде Алматы ауданының №2 соты Айтбаеваны қамауға алу шешім шығарды. Ал Оттың асырауында жасөспірім екі баласының болуына байланысты одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

"Қазіргі кезде қаржы полициясы Отт және Айтпаева несие алуға көндірген адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Айтпаева Әсемгүл өзін "Әсел" немесе "Мадина" деп таныстырып жүрген. Аталған тұлғалардың іс-әрекетінен жапа шеккен барлық тұлғаларды қаржы полициясы органдарына келесі телефондар бойынша хабарласуын сұраймыз: 8 (7172) 90-90-40; 8 701 527 07 54", - делінген ресми хабарламада. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer