10 сәуір 2014 | 18:50

Ақтөбеде "екі жасар" қыз өлі бала босанды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Ақтөбеде құжаттардағы қателіктердің салдарынан екі жасар қыз "босанды", - деп хабарлайды "Актобе Таймс". Перзентханадан шыққан соң 1992 жылғы Жарқынай Юсупова бес баланың анасы екендігін көреді. Бірінші баласын ол тіпті 2 жасында, екіншісін - бес жасында, үшіншісін - 12, төртіншісін - 13, ал бесіншісін 20 жасында босанған. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде құжаттардағы қателіктердің салдарынан екі жасар қыз "босанды", - деп хабарлайды "Актобе Таймс". Перзентханадан шыққан соң 1992 жылғы Жарқынай Юсупова бес баланың анасы екендігін көреді. Бірінші баласын ол тіпті 2 жасында, екіншісін - бес жасында, үшіншісін - 12, төртіншісін - 13, ал бесіншісін 20 жасында босанған. 

"Ақтөбелік дәрігерлер ер азаматқа "жүкті деген" диагноз қойғаннан кейін бүкіл елге мазақ болған еді. Біз тұңғышымызды күткенбіз, ал бізге перзентхадан шыққан соң тек тегін өзгертіп, басқа біреудің құжатын беріп жіберген", - деп шағымданды Жарқынайдың жұбайы Әмір Юсупов. Оның айтуынша, әйелінде толғақ басталған соң жедел жәрдем шақырған. Фельдшер оның қан қысымын тексеріп, толғақ уақытылы еместігін түсіндірген. 

Бірақ таңға жуық әйелдің іші қайта ауырып, дәрігер шақырған. "Фельдшердің өзі жүргізушінің қасына отырып, ал әйелімді санитардың қасына отырғызып қойды. Босанып қоймас үшін санитар жолда әйелімнің бүгілген аяғынан ұстап келді. Дегенмен машина ауылдан бірден шығып кетуіне мүмкіндік болмай, "УАЗ" батпақта тұрып қалды. "Жедел жәрдем" бір орнынан қозғала алмай тұрғанда, Жарқынай босанды. Фельдшер машиндан түсіп, өлі бала туылғанын айтты", - дейді Юсупов.

"Менің ойымша, бала тірі туылды, бірақ дәрігерлердің сауатсыздығынан мерт болды. Мен екі фелдшердің де жауапқа тартылғанын талап етемін. Бірінше үйге келіп әйелімнен хат жүзінде перзентханаға бармау туралы түсініктемені алған дәрігер екіншісі оның босану барысында дұрыс қарай алмаған фельдшер", - дейді ол. Бұл азаматтың айтуынша, перзентханадан шыққан кезде жасына байланысты және балалар санынан қателіктен өзге дәрігерлер көкірекпен емізу туралы да кеңес борген. 

"Перзентханадан шыққан соң әйеліме баланы көкірекпен емізу туралы кеңес жазып берді. Бірақ бұл жолы дәрігерлер қателігін байқап, кеңес берілген жолдарды сызып тастады. Құжатты жарыққа шығарып қарайтын болсаңыз, ол жазу көрінеді", - дейді ол. Ал аурухана қызметкерлері дәрігерлердің нұсқа бойынша жұмыс істегенін айтады. "Жарқынайда уақытынан бұрын толғақ басталды, 35-аптада. Суы көк және иісті болды. Ұрығында инфекция болуы мүмкін. Жас жұбайлар тілуге келісім бермеді, сондықтанда баланың не үшін мерт болғаны белгісіз", - дейді қалалық жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Гулжанат Күшетова.

 

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer