Келесі жылы Қазақстанда "Терминатор" шығарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Келесі жылы Қазақстанда "Терминатор" шығарылады Фото warweapons.ru сайтынан

2015 жылы Қазақстанда "Терминатор" атты танкілерге көмек беретін әскери машинаны шығару жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

2015 жылы Қазақстанда "Терминатор" атты танкілерге көмек беретін әскери машинаны шығару жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералды қызметі директорының орынбасары Константин Бирюлиннің айтуынша, аталған жобаны "Уралвагонзавод" ғылыми-өндірістік корпорациясы және қазақстандық бір компания іске асырмақшы. "Қазір бізде келісім де бар. Оған сәйкес, біз ол машиналарды құрастыру жұмысын Қазақстанда бастауымыз қажет. Меніңше, келесі жылы нақты өнімді көретін боламыз", - деді ол бүгін журналистерге берген сұхбатында. "Терминаторды" құрастыруға қажетті барлық бөлшектерді "Уралвагонзаводы" өзі жеткізіп отырады. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан "Терминатор" әскери машинасының 9 данасын сатып алған болатын. Оның барлығы Астанада өткен "KADEX-2012" көрмесі аясында рәсімделген келісімшарттың негізінде жүзеге асқан. Әскери машинада 2А42 санаттағы 30 миллиметрлік екі пушка, танкілерге қарсы "Атака-Т" ракеталары, АГ-17Д маркалы екі гранататқыш және 7,62 миллиметрлік пулемет бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети