11 сәуір 2014 | 10:48

Сыртқы істер министрлігі Ресей елшісін түсініктеме беруге шақыртты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Михаил Бочарников.  ©Іnform.kz Михаил Бочарников. ©Іnform.kz

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресей елшісі Михаил Бочарниковты түсініктеме беру үшін шақыртты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов мәлім етті.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресей елшісі Михаил Бочарниковты түсініктеме беру үшін шақыртты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов мәлім етті.

"Жағдайға түсініктеме алу үшін ҚР Сыртқы істер министрлігіне Қазақстандағы Ресей Федерациясының елшісі Михаил Бочарников арнайы шақыртылды. Ресейдің ресми билігі Штыгашевтің айтқан сөздеріне нақты түсініктеме береді деп ойлаймыз", - деді Айтмаханов. 

Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының ресми өкілі атап өткеніндей, ҚР СІМ Хакасия Республикасының Жоғарғы Кеңес төрағасы Владимир Штыгашевке қатысты Астана Мәскеудегі ресейлік серіктестерімен дипломатиялық каналдар бойынша арнайы жұмыстар жүргізуде. 

"Сыртқы істер министрлігі Хакасия Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Владимир Штыгашевтің Ресейдің Шығыс Қазақстан облысына қатысты тарихи құқы бары мағынасында ақылға қонымсыз айтқан сөздерін назарға алған. Біз сондай-ақ, Хакасия республикасы атынан Штыгашевтің сөзін дәл мағынасында жеткізе алмаған БАҚ-ын кінәлі деп түсініктеме берген шенеуніктің де сөзіне мән беріп отырмыз", - деді Айтмаханов. 

Оның сөзіне қарағанда, орын алған жағдайға байланысты бұл түсініктемелер жеткіліксіз, әрі қанағантанарлықтай деңгейде емес.  "Біз сондай-ақ, Штыгашевтің ойланбай айтқан сөзіне байланысты елімізде қарсылық білдірілгенін де білеміз. Бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы 2005 жылы қаңтардың 18-і күні бекітілген "Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы" келісімдерге қайшы да болып табылады. Бұл келісімге сәйкес 2006 жылы қаңтардың 12-і күні екі ел арасындағы шекара сызығы заңдық негізде бекітілген. Ресей Федерациясы ресми өкілдерінің ойланбай айтқан сөздеріне немқұрайлы қарауға болмайды. Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың тарихы тереңде, ал екі ел халықтарының рухани байланысы қалыптасқанынын, екі елдің тең құқықты стратегиялық серіктес екенін де естен шығармаған абзал. Мұндай келісімдер сайып келгенде Еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғаны белгілі", - деді Айтмаханов.     

Еске саламыз, ресейлік бірқатар БАҚ өкілдері Хакасия республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Владимир Штыгашевтің Ресейдің Шығыс Қазақстан облысы аумағаны қатысты айтқан сөздеріне түрлі мағынада түсініктеме берген болатын.  "Қазақстанда жер аумағы аса үлкен болмаған. Сол уақытта орталық Омбы облысындағы Ишимнің бір бөлігін беріп жіберіп, Қарағандыны құрды. Бұл жағдай 1936 жылы ғана орын алған. Сол уақытта біз Қазақстанға бес облысты берген болатынбыз. Содан бастап, Қазақ АССР-і автономиядан КСР болып өзгертілген. ТМД аясында мемлекеттер арасындағы шекара сызықтары неге дереу бекітілмеді? Себебі, тұрғындар арасында мемлекетті қайта құруға деген құмарлығы артуы мүмкін еді", - деп айтқан болатын Штыгашев. 

Алайда, арада бірер уақыт өткенде Хакасия республикасы Жоғарғы Кеңесі төрағасының орынбасары, қоғаммен байланыс және ақпараттық саясат жөніндегі бөлім бастығы Олег Николаев журналистер Штыгашевтің айтқан сөздерін дәл мағынасында жеткізбеді деп айыптап, ақталған. "Атап өтемін, бір мемлекеттің екінші бір мемлекетке, оның ішінде Қазақстанға қатысты тарихи да, құқықтық таласының бары туралы ХР ЖК аузынан сөз шыққан жоқ", - деп Николаев түсініктеме берген.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer