Пәкістан Олимпиада ойындарынан шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пәкістан Олимпиада ойындарынан шеттетілді Сурет:pictar.ru

Пәкістан спортшылары Олимпиада ойындарынан шеттетілді. Мұндай шешімді Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Түркияның Белек қаласында өткен кеңес отырысында қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. ХОК мүшелері Пәкістанды мемлекет басшыларының спортқа деген теріс көзқарасына байланысты мүшеліктен шығарды. 

Халықаралық Олимпиада комитеті мүшелерінің ойынша Исламабад мемлекеттің Олимпиадалық комитетіне (ОК) қысым көрсетеді. Атап айтар болсақ, 2013 жылдың қазан айында ел басшылары ОК жаңа Президентін сайлауға ықпалын тигізген. Одан бөлек, халықаралық спорт функционерлеренің айтуынша Исламабад Олимпиадалық хартиядан өзге ұлттық спорт саясатын ұстанбайды. 

Айта кетейік, Пәкістанды ХОК мүшелігінен шығару туралы әуелде 2013 жылы айтылған болатын. Бірақ ол кезде спорт шенеуніктері бұл елге қатысты нақты дәлел таба алмай, мәселені кейінге қалдырды. Ал бұдан бұрын ХОК мүшелері  елдің басшылары спортқа теріс пиғылмен қарайды деген себеппен Үндістанды Олимпиада ойындарынан шеттеткен. Сонымен қатар ХОК мүшелігінен Египетті де шығарамыз деген еді. Дегенмен бұл елдің спорт министрі жағдайды ретке келтіріп, қиындықтан дер кезінде шыға білді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети