ЕҚЫҰ сөз бостандығына қатысты заңды қайта қарауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕҚЫҰ сөз бостандығына қатысты заңды қайта қарауды сұрады ЕҚЫҰ БАҚ-тардағы сөз бостандығы жөніндегі өкілі Дунья Миятович. ©РИА Новости

ЕҚЫҰ БАҚ-тағы сөз бостандығы бойынша өкілі Дунья Миятович Қазақстандағы тиісті заңжобасына елдегі сөз бостандығы мен интернеттің қолжетімділігін шектеуге арналған ұсыныстарға алаңдайтынын жеткізді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕҚЫҰ БАҚ-тағы сөз бостандығы бойынша өкілі Дунья Миятович Қазақстандағы тиісті заңжобасына елдегі сөз бостандығы мен интернеттің қолжетімділігін шектеуге арналған ұсыныстарға алаңдайтынын жеткізді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Соңғы аптада Қазақстандағы кейбір заңжобасына қоғамда қызу талқыға түскен интернеттің қолжетімділігін шектеуге бағытталған  бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Сондықтан мен билікке осы өзгертулерді қайта қарауын сұраймын", - деген мағынадағы Миятович сөзі ЕҚЫҰ таратқан мәліметте келтірілген.

"Қатаң жазалауды көздейтін бұл өзгертулер қоғамда қызу талқыға түсуі мүмкін. Ал ол биліктің қоғамды шектен тыс бақылауда ұстауына және цензураның мықтап орнығуына әкеп соқтырады", - деп толықтырды ол өз сөзін.

ЕҚЫҰ-ның өкілі сондай-ақ, ел билігі азаматтық қоғаммен диалогқа баруы керектігін, қоғам өкілдері ұсынған ұсыныстарды елеп-ескерулерін сұрады.

Одан бөлек, мәжіліс жаңа Қылмыстық кодекске енген "Жалған ақпарат біле тұра таратқандар" туралы 270-1 бабты екінші оқылымда мақұлдап жіберген. Парламент сонымен қатар сот шешімін күтпестен әлеуметтік желілер жұмысын тоқтатуға мүмкіндік беретін "Байланыс туралы" заң жобасына да өзгертулер мен толықтырулар енгізген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети