13 сәуір 2014 | 21:04

Кучма Украинаның келешегіне үмітпен қарамайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Леонид Кучма. ©РИА Новости Леонид Кучма. ©РИА Новости

Украинаның екінші президенті (1994-2005) Леонид Кучма елдегі ахуалдың президенттік сайлаудан соң да қалыпқа келмейтінін айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Интерфакс-Украина" агенттігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Украинаның екінші президенті (1994-2005) Леонид Кучма елдегі ахуалдың президенттік сайлаудан соң да қалыпқа келмейтінін айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Интерфакс-Украина" агенттігіне сілтеме жасап.

Леонид Кучма Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуалға қатысты алаңдаушылық білдірді. "Мұның артында идеология мен орыстілді халықты қорғау ғана емес, қыруар қаржы да тұр, бұған күмән жоқ", - деді мемлекет қайраткері.

Кучманың пікірінше, қазіргі ахуалды қалыпқа келтірудің бір ғана амалы бар, оған Еуропа мен АҚШ жауапты. "Ресей Украинамен келіссөздер жасауға тырыспайды және Украинаның қазіргі үкіметін заңды деп мойындамайды. Бұл жерде Украинаның мүмкіндігі мүлдем жоқтың қасы. Бүгінде жалғыз әдіс бар, ол - Батыс пен АҚШ", - дейді экс-президент.

Кучма Украинаны федерализациялау идеясына қарсылық білдірді. "Бізде тұтас көрпе бар, оны бөлшектеп тастайық та, кейін қайта құрайық, не болар екен?! Ешқашан федерация жоғарыдан жасалмайды, әлемдік тәжірибеге қарайық", - деген экс-көшбасшы елдің қазіргі билігіне оңтүстік-шығыс тұрғындарына мемлекеттік саясатты сауатты насихаттауға кеңес берді.

Саясаткердің айтуынша, бүгінде Украинада басшы болуға лайықты тұлға жоқ, бұл - елдегі тұрақсыздықтың басты себебі. "Украинада мемлекет басшысы қызметіне лайықты, елді біріктіре алатын, тиісті рейтингі бар үміткер жоқ. Өйткені олар -қарапайым тілмен айтқанда, "сарғылт" биліктің өкілдері. Олар оңтүстік пен шығыстың сеніміне ие емес - бұл ең қорқынышты жайт. Елдің келешектегі билігі мен үкіметі барлық аймақтан құралуы тиіс, сонда ғана өзара келісім болады. (...) Менің елге жөні түзу биліктің келіп, жағдайды түбегейлі өзгертеріне, барлық мәселені шешеріне үмітім жоқ. Дегенмен маған премьер-министр Яценюктің үкімет қолға алғалы отырған саясатты аймақтар деңгейінде жеткізуге тырысуы ұнайды", - деді Кучма.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer