14 сәуір 2014 | 11:33

Қазақстан мен Бахрейн арасында алюминий өндірісі жөнінде келісім жасалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Әсет Исекешев. ©Primeminister.kz Әсет Исекешев. ©Primeminister.kz

Қазақстан мен Бахрейн алюминий өндірісі жөнінде меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Бахрейн алюминий өндірісі жөнінде меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Меморандум "Бахрейн - Қазақстан: стратегиялық әріптестік" бизнес-форумы шеңберінде жасалды. Құжатқа Қазақстан тарапынан Премьер-министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, Бахрейн Корольдігі тарапынан елдің Өнеркәсіп және сауда министрі Хасан Абдулла Фахро қол қойды.

"Бізге тату сауда қатынастарын жақсарту үшін көп мүмкіндіктер іздеу қажет. Біздің екі еліміздің арасында өзгешеліктердің болуына қарамастан, көп ұқсастық та бар. Елдеріміздің экономикасы табиғи ресурстарға тәуелді, біз халықаралық аренадағы көп ұстанымды қолдаймыз. Еліміздің басшысының сапары екі мемлекеттің дамуына ықпал етеді деп ойлаймын", - деді Хасан Абдулла Фахро.

Өз кезегінде Әсет Исекешев: "Бахрейнде алюминий қайта өңделеді, Қазақстанда бізде мол қор бар, 250 мың металл алюминийін өндіреміз. Біз алдымызға алюминийді қайта өңдеу міндетін қойып отырмыз. Павлодарда біз алюминийді қайта өңдеу жөнінде арнайы субаймақ ашуға дайынбыз" - деді.

Исекешев Бахрейнмен арада ынтымақтастықты дамытуға болатын басқа да салаларды атады. "Біз ынтымақтастықтың бұл кезеңінде әлеуетті сала ауыл шаруашылығы екенін көріп отырмыз. Қазақстан астық өндіру мен экспорттауда және ет экспорты жөнінен әлеуетке ие. Қазақстан туризм бағдарламасын іске асыруға кіріседі. Елдің батысында, оңтүстігі мен солтүстігінде бірқатар жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл орайда да ынтымақтастықты талқылағымыз келеді. Сол сияқты банк секторы. Біз исламдық қаржыландыру жөнінде заң қабылдадық, ТМД елдері үшін ислам банкингі бойынша аймақтық хабты дамытуды жоспарлап отырмыз. Біз сіздердің тәжірибелеріңізді үйреніп, ынтымақтастық орнатуды қалаймыз", - деді Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

Ол алдағы бес жыл ішінде Қазақстан үшін басым бағытқа ие салаларды атады. Олар: металдан дайын бұйым өндіру, машина жасау, мұнай өңдеу, мұнай химиясы, құрылыс материалдарын өндіру, туризм және геологиялық барлау. "Осы сапар аясында біз ынтымақтастықтың барлық инфрақұрылымын қалыптастыруымыз керек деп ойлаймын. Біз сіздерді және сіздердің бастамаларыңызды қолдауға дайынбыз", - деді Премьер-министрдің орынбасары.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer