14 сәуір 2014 | 12:08

Украин импортының азаюы отандық тауарөндірушілерге тиімді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Марат Әбілов ©Марат Әбілов

Украинадағы жағдай Қазақстанның азық-түлік нарығына кесірін тигізбейді. Тіпті, Украинаның ТМД-дан шығуынан отандық тауарөндірушілер тек қана ұтады. Tengri FM радиосына қазақстандық сарапшылар осындай пікір білдірді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Украинадағы жағдай Қазақстанның азық-түлік нарығына кесірін тигізбейді. Тіпті, Украинаның ТМД-дан шығуынан отандық тауарөндірушілер тек қана ұтады. Tengri FM радиосына қазақстандық сарапшылар осындай пікір білдірді.

ТМД елдерінің стратегиялық даму орталығының мамандары Киев Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан шығу жоспарын іске асырса, өзара тауар айналымы қысқарады. Мәселен, Украинаның ең ірі серіктестерінің бірі Қазақстан бұл жағдайда шамамен млрд еуродан айырылады деген есебін келтірген еді. Алайда отандық сарапшылар алаңдауға негіз жоқ деп отыр.

"Киевтегі жаңа билік белгілі бір экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда. Толығымен батыс елдері тарапына бет бұруға талпыныс жасады. Бірақ, өкінішке қарай, әсіресе ТМД аумағында, Украинамен экономикалық өзара байланысымыз аса берік. Әрине, олар, бұл байланыстан алшақ кетсе, орасан шығынға өздері ұшырайды және оның орнын батыста толтыру мүмкін болмайды", - Инновациялық экономика институтының директоры Мағбат Спанов. 

Қазақстан мен Украинаны ТМД-ның еркін сауда аймағы туралы келісім байланыстырады. Қазақстанға бағытталған барлық жеткізілімдер ішінде, Украинаның үлесі, 4-4,5%-ды құрайды. Аталған елден, негізінен, ет, сүт, кондитерлік өнімдер, тұрмыстық химия мен жиһаз жеткізіледі. Екі ел арасындағы тауар айналымы үлкен. Бірақ Инвестициялардың тиімділігін зерттеу агенттігінің сарапшысы Ерлен Бадыханның айтуынша, "отандық өнім Украинасыз-ақ орнын тапса, Украина үшін қазақстандық нарыққа балама жоқ". 

"Қазақстандық салалар зардап шекпейді. Өйткені, Қазақстан экспорттаудан гөрі, Украинадан көп импорттайды. Сондықтан, Қазақстандағы орасан сауда нарығын сақтап қалу Украинаның мүддесінде. Егер жеткізілімдерді, яғни, жақын серіктестерімен арадағы қарым-қатынасты тоқтатса, бұл Украинаның өзіне ауыр соққы болып тиеді. Ал қазақстандық салаларға қандай да бір залал келеді деп айту орынсыз", - дейді ол.

2012 жылы Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы шамамен 4 млрд долларды құраған. Алайда былтыр, көрсеткіш 25%-ға азайды. Украиналық мамандар бұл жағдайды Кеден одағымен байланыстырды. Алайда, Ұлыбритания, Нидерланды сияқты елдер де Кеден одағына мүше емес. Бірақ өзара тауар айналымы азайған жоқ. Сарапшылардың пайымдауынша, бұған себеп, қазақстандық өндіріс дамып келеді және біз кезінде Украинадан сатып алып келген өнімдер қазір, Қазақстанда да шығарылып жатыр.

"Салыстырар болсақ, Қазақстан мен Украинаның тауар айналымы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымынан 5-6 есе төмен. Ал Украинаның бізге жеткізетін тауарлары, негізінен, халықтық тұтыну тауарлары санатына жатады және оларды отандық немесе Кеден одағы елдерінің тауарларымен алмастыруға болады. Өкінішті себеп болса да, менің ойымша, бұдан қазақстандық ет-сүт, кондитер, макарон өнімдері, өзге де халықтық тұтыну тауарларын өндірушілер, керісінше, ұтады", - дейді Бадыхан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Украина биыл Тәуелсіз мемлекеттер достастығына төрағалық етуден бас тартқан болатын. Сондай ақ, бұл ел ТМД құрамынан шығатынын мәлімдеді.
 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer