14 сәуір 2014 | 14:33

Жалға берілетін баспанаға құжат қабылдау басталады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©РИА Новости ©РИА Новости

Осы айда жалға берілетін баспанаға құжат тапсыру басталады. Бұл туралы Tengrinews.kz  тілшісіне Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының тұрғын үйді сату бөлімінің жетекшісі Рәбиға Сұңқарбаева айтты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Осы айда жалға берілетін баспанаға құжат тапсыру басталады. Бұл туралы Tengrinews.kz  тілшісіне Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының тұрғын үйді сату бөлімінің жетекшісі Рәбиға Сұңқарбаева айтты.

Бұл мерзім екінші топтағы адамдар санатына қатысты. Олар: мемлекеттік заңды тұлғалар мен әлеуметтік салада қызмет көрсететін (косметологиялық қызметтен басқа медицина, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, білім, ғылым, спорт салалары, мәдениет пен өнердің шоу-бизнестен басқа салалары) мемлекеттік емес ұйымдар жұмысшылары. Бірінші топқа үй кезегінде тұрғандар мен халықтың әлжуаз тобы жататыны белгілі.

Сұңқарбаева үшінші топ бойынша құжат қабылдау 2014 жылдың соңына қарай басталатынын айтты. Бұл топ -  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісімен берілетін "Жас отбасыларға арналған баспана" бағыты. Сұңқарбаеваның айтуынша, жаңа өзгерістерге сәйкес, тұрғызылған үйді сату бірінші және екінші топтарға тепе-тең бөлінеді. Сатылатын тұрғын үйдің жалпы көлемінен бірінші топ қатысушыларына - 70%, екінші топқа 30% тиесілі. 

"Қазақстан ипотекалық компаниясы" ИҰ" АҚ басқарушы директоры Еркін Сыздықов "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасының "ҚИК" ИҰ" АҚ баспанасы бағыты бойынша өзгертулер мен толықтырулар туралы айтып берді. Толықтырулар азаматтардың төлем қабілетін бағалауға қатысты енгізілген. Бағдарлама қатысушылары отбасының айсайынғы жиынтық табысының  жоғарғы шегін (зейнетақы салымдарын, жеке табыс салығын есептемегенде) дәлелдеуі тиіс, ол Алматы, Астана қалалары үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 15 реттік мөлшерінен, басқа қалалар үшін 12 реттік мөлшерінен аспауы керек.

"Қазақстан ипотекалық компаниясы желісі бойынша егер пәтердің ауданы 50 шаршы метр болса, жалға алу төлемі ай сайын шамамен 50 мың теңге болады. Бірақ жалға берілетін баспананың түпкілікті құны құрылыс пен тұрғын үйдің өзіндік құны есебінен анықталады. Алғашқы жарна - алты айлық төлем мөлшерінде, ол шамамен - 300-350 мың теңге", - деді Сыздықов.

Қазақстан ипотекалық компаниясы өкілдерінің айтуынша, 2014 жылы Алматыда компанияның желісі бойынша тоғызқабатты екі тұрғын үй, "Жас отбасыларға арналған тұрғын үй" бағыты бойынша тоғыз үй (378 пәтер) пайдалануға беріледі. Бұл баспаналар мамыр айында салынып бітуі керек. Еске салайық, тұрғызылып жатқан үйді бөлумен және сатумен жергілікті атқарушы органдар айналысады.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer