Танымал әнші Бақыт Шадаева жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметке сілтеме жасап.
Танымал әнші Бақыт Шадаева жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметке сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 29 наурыз күні сағат 16.10 шамасында болған. Қазыбек би көшесінде Toyota Pradо көлігін айдап келе жатқан әнші Ағайынды Абдуллиндер көшесін қиып өте бергенде "Жол беріңіз" деген белгіні ескермеген. Соның салдарынан Renault Sandero автокөлігіне соқтығысты.
Ол көлікте ер адам болған. Оқиғаның салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әншіге 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу туралы қаулы шығарды.
Еске салайық, өткен жылдың қараша айында Алматы соты музыкант Жәмила Серкебаеваға айыппұл төлеу туралы қаулы еткен болатын. Ол қазан айында өзінің Lexus көлігімен жаяуларды және өзге көліктерді түйіп кеткен еді.