15 сәуір 2014 | 11:20

Қазақстандықтар ғашықтар күнін атап өтіп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Анатолий Устиненко ©Анатолий Устиненко

Бүгін, сәуірдің 15-і күні Қазақстанда ғашықтар күні - Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні аталып өтуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, сәуірдің 15-і күні Қазақстанда ғашықтар күні - Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні аталып өтуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетейік, бұл мереке жыл сайын ақпанның 14-і күні әлем бойынша аталып өтетін Қасиетті Валентин күнінің аналогы ретінде дүниеге келген. Қазақстанда Валентин күніне қатысты сан алуан пікірлер болды. Әсіресе, оның ұлттық менталитетке жат әрі моральдық жағынан жастарға кері әсер ететіні туралы жиі айтылды. Қоғам белсенділері Валентин күнін мектепте тойлауға мүлдем тыйым салуға да үндеген болатын. 

Тарихқа үңілсек, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу - қазақ халқының XIII-XIV ғасырдағы лиро-эпикалық поэмасының кейіпкерлері.  Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулай жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруынан басталады. Сол кезде аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай, баласын көре алмай қаза табады. Атастырылып қойған Қозы мен Баян, жүздерін көрмегенімен бір-біріне ғашық болады. Уақыт өте келе сараң Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті палуан Қодарға ұзатпақшы болады. Қос ғашықтың арасына тосқауыл болған Қодар, айласын асырып, зұлымдықпен Қозының басын алады. Қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян, өш алу үшін қулыққа көшеді. Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. Алданған Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды: Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап қаза табады. Сөйтіп Қозының кегі қайтарылады. Батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қанжар салып қол жұмсайды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer