15 сәуір 2014 | 19:08

Астанада Ауғанстаннан шығарылатын британдық жүк транзитіне қатысты құжатқа қол қойылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Tengrinews.kz иллюстрациясы Tengrinews.kz иллюстрациясы

ҚР СІМ-де қазақ-британ қарым-қатынасының болашағы талқыланып, Ауғанстаннан жүк тасу транзиті туралы құжатқа қол қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР СІМ-де қазақ-британ қарым-қатынасының болашағы талқыланып, Ауғанстаннан жүк тасу транзиті туралы құжатқа қол қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары баронесса Сайида Варси екі жақты қарым-қатынастың әрі қарай даму болашағын және бірқатар халықаралық өзекті мәселелерді талқыға салды.

"Келіссөздер нәтижесінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков пен баронесса Варси Ауғанстаннан британдық әскерді тиімді алып шығуды қамтамасыз ету үшін Ұлыбританияның аса маңызды жүктерін Қазақстан аумағы арқылы тасымалдау туралы екі жақты құжаттарға қол қойды", - делінген хабарламада.

Халықаралық күн тәртібіне тоқтала келе, Е.Ыдырысов пен баронесса Варси Украинадағы жағдайды, Иран ядролық бағдарламасын, сондай-ақ президенттік сайлау мен халықаралық коалицияның негізгі әскери күштерін 2014 жылдың соңына дейін өз аумағынан шығару үдерісі аясындағы Ауғанстандағы мәселелерге қатысты пікір алмасты. Украинадағы жағдайды келіссөздер мен дипломатиялық жолдар арқылы, соның ішінде ЕО, Ресей, АҚШ және Украина арасында үстіміздегі жылдың 17 сәуірінде Женевада заманауи және жемісті келіссөздер арқылы шешуге, Иран ядролық бағдарламасы бойынша тиімді келіссөздер үдерісін жалғастыруға, сонымен қоса Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға өзара мүдделіліктерін танытты.

Е.Ыдырысов пен баронесса Варси сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия жұмысының маңыздылығын атап өтті. Оған арнайы жұмыс топтары мен қазақ-британ сауда-өнеркәсіп кеңесі кіреді. Сауда-экономикалық қарым-қатынас екі елдің екі жақты ықпалдастық кешенінің негізі болып табылады. ҚР Кедендік комитеттің мәліметтеріне сәйкес, 2013 жылы тауарайналым көлемі 2,1 млрд АҚШ долларын құраған (экспорт – 1,5 млрд, импорт – 0,6 млрд). Ұлыбритания Қазақстан экономикасына инвестиция құятын үшінші ел (Нидерланды мен АҚШ-тан кейін). ҚР Ұлттық банкінің мәліметтерінше, Қазақстан экономикасына құйылған тікелей британдық инвестиция көлемі 2005 жыл мен 2013 жылдың қыркүйек айы арасында 10 млрд АҚШ долларын құраған.

Үкіметраралық комиссия аясындағы келесі кездесулер мамыр айында Астана экономикалық форумы шеңберінде Астанада және қазан айында дәстүрлі Қазақстандық бизнес-форум шеңберінде Лондонда өтеді деп күтілуде.

СІМ-де өткен келіссөздер барысында тараптар Д.Кэмеронның Астанаға сапары кезінде келісімге қол жеткізілгендей, визалық режимді әрі қарай жетілдіру мен қазақстандықтар үшін британдық визаны алу процедурасын жеңілдету мәселелері талқыға салынды. Сондай-ақ, Е.Ыдырысов пен баронесса Варси Қазақстан мен Ұлыбританияның құқықтық салалардағы ынтымақтастық болашағын қарастырды. Сонымен қатар, кездесуде Қазақстанның 2017-2018 жыл аралығына БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелікке сайлануға жасап жатқан науқаны туралы сөз болды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer