15 сәуір 2014 | 21:55

Қазақстан мұсылмандар одағы басшысының үстінен іс қозғалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Мұрат Телібеков. ©Ярослав Радловский Мұрат Телібеков. ©Ярослав Радловский

Қазақстан мұсылмандары одағының басшысы Мұрат Телібековтің үстінен әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның қорғаушысы Ғалымжан Нұрпейісов мәлім етті. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мұсылмандары одағының басшысы Мұрат Телібековтің үстінен әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның қорғаушысы Ғалымжан Нұрпейісов мәлім етті. 

Алғашында Телібековтің ұсталғаны туралы ақпарат жария етілген болатын, кейін бұл ақпаратты оның әйелі Екатерина Телібекова да растады. "Өздеріңіз білесіздер, ол жалған ақпарат таратты деп айыпталып, қазір соған қатысты сот өтуде. Осы сот отырысы 16:30-да өтуі тиіс болған. Ол 16:00-де үйден шықты, ал 17:00-де телефон шалып, өзін полиция ұстап алғанын, Бостандық аудандық ІІБ алып бара жатқанын айтқан болатын. Бұдан басқа ол ештеме айтқан жоқ. Арада көп уақыт өтпей оның ұялы телефоны сөніп қалды", - деді Екатерина Телібекова.

Осыдан кейін ол күйеуінің қорғаушысы Ғалымжан Нұрпейісовке хабарласқанын жеткізді. Өз кезегінде қорғаушы арыз беруші жақ сотқа келмегендіктен сот отырысы кейінге қалдырылғанын, сондықтан сот процесіне қатысуға жиналғандар тарап кеткенін айтқан. Қазақстан мұсылмандары одағы басшысының әйелі оны үйге қайтып келе жатқан кезде ұстаған болуы керек деп болжап отыр.

Нұрпейісов Телібековпен бірге АІІБ ғимаратынан шығып кеткенін айтты. Қорғаушының айтуына қарағанда, полиция Телібековті тіркелмеген қоғамдық бірлестікке жетекшілік еткені үшін әкімшілік іс қозғалғанын айтуға шақырған. "Қазір біз келдік, бәрі бір қалыпты", - дейді Нұрпейісов. Айта кетейік, Телібеков екі ұйымға жетекшілік етеді. Бірі - Қазақстан мұсылмандары одағы, екіншісі - "Демократиялық Қазақстан" қоғамдық қозғалысы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Телібеков жеті күнге қамауға алынған болатын. 2013 жылдың 4 маусымында ол митинг ұйымдастыруға және Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовпен кездесуге әрекеттенген. Дәл осы күні ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ол ұсталып, қамауға алынған. Бірінші күні Телібековтің денсаулығы нашарлап, "Жедел жәрдем" көлігі оны №7 қалалық ауруханаға жеткізген. Алайда ауруханаға жатқызуға рұхсат етілмеген. 11 маусымда, жеті күн қамауға алынғаннан кейін Телібеков Есімовпен жеке кездесуге әрекеттенетінін әлі де жалғастыратынын хабарлаған еді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer