"Даму кубогына" қатысатын футболшылар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Даму кубогына" қатысатын футболшылар анықталды Қазақстан жасөспірімдер құрамасы. Сурет: Vesti.kz

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бапкері Константин Фролов Литвада өтетін "Даму кубогына" қатысатын футболшылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бапкері Константин Фролов Литвада өтетін "Даму кубогына" қатысатын футболшылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап

Футболдан 17 жасқа дейінгі  Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Литваның Клайпед және Гаргждай қалаларында өтетін "Даму кубогына" 21 сәуірде аттанады. Бұл турнирді УЕФА мен Литва футбол федерациясы ұйымдастырады. Осыған орай Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Константин Фролов турнирге қатысатын футболшылардың тізімін жариялады.

Қорғаушылар: Сергей Осадчий ("Жетісу"), Данил Подымский ("Қайрат" Алматы);

Қорғаушылар: Әлібек Қасым ("Қайрат" Алматы), Мәди Айтөре ("Қайрат" Алматы), Қайсар Майраш ("Тараз"), Кирилл Алексеев ("Шахтер"), Рүстам Казимов ("Шахтер" ), Асқар Макишев ("Шахтер" ), Бақдаулет Рысбеков ("Ордабасы" Шымкент);

Жартылай қорғаушылар: Ахмат Береков ("Тобыл" Қостанай), Ақсұлтан Асаинов ("Астана"), Әлішер Сағынов ("Астана"), Рамазан Оразов ("Қайрат" Алматы), Бахтиёр Зайнутдинов ("Тараз"), Геворг Наджарян ("Шахтер");

Шабуылшылар: Әділжан Жақсыбай ("Ақтөбе"), Оралхан Өміртаев ("Шахтер"), Алтынбек Төлеев ("Ордабасы" Шымкент), Батыр Құдайбердынов ("Ертіс" Павлодар), Шыңғыс Саменов ("Ордабасы" Шымкент).

Турнир барысында Қазақстан құрамасы 22 сәуірде Белорусь футболшыларымен, 23 сәуірде Литвамен, 24 сәуірде Латвиямен кездеседі. Айта кетейік, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2013 жылы Беларусь елінде өткен осы турнирдің жеңімпазы болған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети