"ЭКСПО-2017" көрмесіне ирандықтар да қызығушылық танытуда

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ЭКСПО-2017" көрмесіне ирандықтар да қызығушылық танытуда

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ өкілдері ирандық "Tejarat Almas" холдингі басшыларымен кездесіп, келіссөз жүргізді, деп Tengrinews.kz тілшісіне "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.


"Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ өкілдері ирандық "Tejarat Almas" холдингі басшыларымен кездесіп, келіссөз жүргізді, деп Tengrinews.kz тілшісіне "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Онда ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары - ЭКСПО-2017 Комиссары Рәпіл Жошыбаев ирандық "Tejarat Almas" холдингі басшылығымен кездесті.

Кездесу барысында ирандық делегацияға ЭКСПО-2017 жобасы таныстырылды. Сонымен қатар тараптар туризм және құрылыс саласына инвестиция тарту мәселелерін талқылады.

Рәпіл Жошыбаев ЭКСПО жобасына шетелдік капиталды қатыстыруды ынталандыруға байланысты қазақстандық жақтың жасап жатқан шаралары мен Қазақстанның туристік қабілеті жайында егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

"Tejarat Almas" холдингі 150-ге жуық компанияны біріктіретін көпсалалы мекеме болып табылады. Ол тұрғын үй, офистік ғимараттар салу, ІТ технологиялар және туристік бизнес салаларында жұмыс істейді. Жылдық қаржы айналымы 3,5 млрд. АҚШ долларынан астам.

 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.23  course down  574.22  course down  6.3  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети